AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алаяқтар мобильді нөмірді қалай тіркейді?

Алаяқтар мобильді нөмірді қалай тіркейді?

Заң мен тəртіп 30.01.2025, 15:16 940 yakiya
Алаяқтар мобильді нөмірді қалай тіркейді?
Сурет: Polisia.kz

Заңнамаға сәйкес, ұялы телефондарды міндетті түрде тіркеу керек. 

Бірақ алаяқтар бұл талапты оп-оңай аттап өтеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сенатор Жанна Асанова алаяқтардың ұялы нөмірлерді қалай тіркейтінін жариялады.

"Олар SMS арқылы ЖСН-ді жібереді де, тіркей салады. Жеке деректерді де енгізбейді. Осылайша, кез келген адам бөгде біреудің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, телефон нөмірін қылмыс жасау үшін пайдалана алады", - деді Асанова.

Оның айтуынша, алаяқтар "SIM-box"-тарды да жиі пайдаланады. Осы құрылғылардың көмегімен жүздеген SIM-картаны іске қосуға болады. Соның салдарынан ішкі істер органдары алаяқтарды таба алмай жатады. Себебі SIM-box ұялы нөмірлерді жылдам ауыстыруға мүмкіндік береді.

"Алаяқтар мониторингті оп-оңай айналып кетеді. Абоненттің жалған локациясы мен IMEI-кодын көрсете алады. Виртуалды аккаунттарды да ашуға мүмкіндік бар. Ал, ең бастысы, виртуалды сигналмен қоңырау шалып, халықты алдап отырады. SIM-box бір күннің ішінде 200 SIM-картаны ауыстырып бере алады", - деді Асанова.

Осы орайда сенатор ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық деректерді қолдануды ұсынды. Ал SIM-box машиналардың импортын шектеу керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сенат #ұялы телефон #сим карта
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының балалар нейрохирургиясындағы тәжірибесі халықаралық сарапшылардың назарын аударды

Бүгін 17:23

Алматы колледждерінің студенттері әскери-патриоттық эстафетаға қатысты

Бүгін 17:09

Алматы Гонконгтың іскерлік ортамен серіктестікті күшейтіп отыр

Бүгін 17:00

Оқушылар Алматы академиясының музейіне экскурсия жасады

Бүгін 16:47

Мемлекет басшысы Xinjiang Lihua компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихайды қабылдады

Бүгін 16:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);