Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Айыппұл туралы күмәнді кеңестер

Айыппұл туралы күмәнді кеңестер

Әлеумет 30.01.2025, 15:37 771
Айыппұл туралы күмәнді кеңестер
видеодан алынды

Қазақстандықтар бұл туралы не білуі керек?

Осыған байланысты, Алматы полициясы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген сенімді механизмді түсіндіреді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Соңғы кездері әлеуметтік желілерде азаматтарға жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұл төлеу ережелері туралы күмәнді кеңестер көбейіп, жұртшылықты жаңылыстыруда.

Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 62-бабының талаптарына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімі 2 айды құрайды.

Автоматты есепке алу жүйелерімен әкімшілік құқық бұзушылық тіркелсе, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым жіберілген кезден бастап іс қозғалған болып есептеледі.

Құқық бұзушылық туралы смс-хабарлама айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің "Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесімен автоматты түрде жіберіледі.

Осылайша, құқық бұзушы тиісті түрде хабардар етілсе, айыппұлды төлеу туралы ұйғарым міндетті түрде орындалуға жатады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811-бабының ережелеріне сәйкес, айыппұлды төлеу қажеттігі туралы ұйғарым тиісті түрде жеткізілген сәттен бастап, азамат жеті күннің ішінде, көрсетілген айыппұл сомасының елу пайызы мөлшерінде төлеуге құқылы.

Әкімшілік айыппұлдың мөлшері әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған айлық есептік көрсеткішке сәйкес келеді.

Айыппұлды төлеу туралы ұйғарым бұзушылық тіркелген күннен бастап 10 күн ішінде көлік құралының иесіне белгіленген үлгідегі түбіртекпен жіберілетіні туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайтынын айта кету керек.

Осы жағдайда кейбір азаматтар Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 822-бабының талаптарын қате түсіндіруде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Айыппұл #жол #Кеңес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Жетісу ауданындағы көріктендіру жобаларымен танысып, бизнестің қатысуын күшейтуді тапсырды

Бүгін 18:47

Алматыда қала орталығындағы жазғы дәмхана сүрілді

Бүгін 17:55

Тұтынушылық кредит алушылар азайған

Бүгін 17:37

2025 жылы 1757 ресейлік Қазақстан азаматтығын алған

Бүгін 17:10

Алматы үйленуден көш бастап тұр

Бүгін 16:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика