Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Шекарада шіріген картоп

Шекарада шіріген картоп

Әлеумет 30.01.2025, 12:50 860
Шекарада шіріген картоп
видеодан алынды

Түркістан облысының Өзбекстанмен шекарасында мыңдаған тонна картоп шіріп жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz КТК-ға сілтеме жасап. 

Себебі, Павлодардан Ташкентке жеткізілуге тиіс картопты ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдері тексереміз деп, Сарыағаш шекарасында тоқтатқан. Сөйтіп он күн бойы шенеуніктер құжат тексеріп жүргенде, 43 вагонға артылған картоп бұзыла бастапты.

Картоп тиеген вагондар Сарығаштың темір жолында тапжылмай он күн тұр. Павлодардан шыққан жүк пойызын фито-санитарлар 19 қаңтар күні тоқтатып, жүктің құжаты мен өнімді тексереміз деген. Бірақ сол күйі ешқайсысы төбе көрсетпеді деген кәсіпкерлер артылған картоптың күйін көру үшін вагонды ашып көрді.

Азамат Серікбаев, кәсіпкер: — Картоптың суы шығып, іріп-шіріп жатыр. Бұл қайта суы қатып тұр, жылыға шықса бірден шіриді. Бұл енді жарамсыз картоп. Бір вагонның өзінде 68 тонна бар, сол 68 тонна вартоп енді жарамсыз. Он күннен бері жауаптылардан хабар күтіп жүргендер енді бұл шіріген тауарды тапсырыс берушілерге «не бетімізбен апарамыз» деп күйінеді.

Үсіп, былжырап кеткен картопты кейбірі лақтырып та жатыр. Жалпы 43 вагон картопқа кәсіпкерлер құжатты 15 қаңтарға дейін жасатқан. Ал бұл өнімді елден тыс шығаруға болмайды деген қаулыны ауыл шаруашылығы министрлігі 18 қаңтардан бастап шығарған. Сондықтан тез бұзылатын өнімді шекарада негізсіз ұстап тұрғандар картобымызды жарты бағасына сатуды талап етті дейді.

Нұрсұлтан Орманов, кәсіпкер: — Әкімдік бізге жарты бағасына сұрап тұр. 100-150 теңгеден сұрайды. Келісін 300-ден алғанбыз. Келем дегенше, ірі картоп 370 теңгеден келген, осы жерге дейінгі шығыны. Олар 150 теңгеден сұрайды. Білмейміз, енді не істейтінімізді. Шығынның бәрі мойнымызда. Қазір үш вагоннан 60 миллион шығын шығып тұр. Ол оңай ақша емес қой.

Ал вагондарды тұралатып қойған құзырлы министрлік осы уақытқа дейін «құжаттарды тексердік» дейді. Бірақ түйткіл болмаған соң, енді 43 вагон діттеген жеріне жүре берсе болады деп отыр. 

Ербол Тасжүреков, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі: — Бүгінгі күні менің ақпаратым бойынша тексеру жұмыстары бітті. Қажетті ақпараттар анықталды. Сондықтан бүгінгі күнге вагондардың сыртқа кетуіне ешқандай тосқауыл жоқ. Сондықтан экспортқа бағытталған 43 вагон картоп артылған шекарадан шығып кете береді.

Он күн бойы тұралап тұрған вагондардың жылжуына рұқсат берілді. Алайда картоптың «жарамдысынан жарамсызы көп» деген кәсіпкерлер енді шығынын есептеп, тез бұзылатын өнімді тым көп ұстаған шенеуніктерді сотқа береміз деп бекініп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#картоп #шекара #көкөніс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика