AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мох...

Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті

Саясат 30.01.2025, 17:26 689 Nursok82
Олжас Бектенов Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті
primeminister.kz

Eкі ел арасындағы агроөнеркәсіп тауарлары айналымы бір жылда 25%-ға өсті

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Алматы қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Иран Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Мохаммад-Реза Арефпен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Келіссөздер барысында тараптар Иран Ислам Республикасының өткен жылғы желтоқсан айында Еуразиялық экономикалық одақта байқаушы мәртебесін алуы екіжақты қатынастардың барлық бағыты бойынша дамуына ықпал ететінін атап өтті. Иран – Қазақстанның Каспий аймағындағы тату көршісі. Өткен жылдың 11 айында екі ел арасындағы тауар айналымы 8,1%-ға артып, шамамен $300 млн-ға жетті. Қазақстан тарапы жалпы құны $132 млн-нан асатын 60 тауар түрін әртараптандыруға, экспорт көлемін ұлғайтуға және ауқымын кеңейтуге қызығушылық танытты. Атап айтқанда, биыл елімізде 26 млн тоннадан астам астық жиналды. Отандық экспорттаушылар бидай, арпа және майлы дақылдарды қоса алғанда, астық өнімдеріне деген Иран нарығы сұранысын қанағаттандыруға дайын. Жалпы, өткен жылдың 11 айында Қазақстан мен Иран арасындағы агроөнеркәсіп тауарының айналымы 25%-ға артып, $186 млн-ға жетті.

«Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізі шеңберінде жүк тасымалдау көлемін арттыру, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейту және инфрақұрылымды дамыту мақсатында көлік-логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Қазақстан (Ақтау, Құрық) және Иран (Анзали, Амирабад) порттары терминалдарын жаңғыртудың келешегі мәселелері қаралды.

«Біздің басты мақсатымыз – екі мемлекет басшылары айқындаған міндеттерді толығымен жүзеге асыру және Қазақстан-Иран ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеру. Біздің сауда-экономикалық әріптестігіміздің әлеуеті жоғары, оны одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктеріміз жеткілікті. Өзара құрмет пен достық аясында өтіп жатқан бүгінгі келіссөздер екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деп сенемін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
«Мемлекеттеріміз географиялық және аумақтық жағынан байланысып жатыр. Елдеріміздің көшбасшылары арасында сындарлы саяси диалог орнатылды. Екі мемлекет басшылары үкіметтер алдына екіжақты сауда көлемін $3 млрд-қа дейін арттыру міндетін қойды. Біз өз тарапымыздан екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін жан-жақты талқылауға дайынбыз», — деді Мохаммад-Реза Ареф.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #Үкімет басшысы #Мохаммад-Реза Ареф
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Кеше 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);