Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жетісулық дәріг...

Ұшақта жолаушыны аман алып қалған жетісулық дәрігер жарады

Медицина 30.01.2025, 19:13 681
Ұшақта  жолаушыны аман алып қалған жетісулық дәрігер жарады
Сурет: Gov.kz

Сауд Арабиясындағы қажылықтан елге оралып келе жатқан ұшақта павлодарлық азаматтың денсаулығы күрт нашарлап, аллергиялық ауру пайда болған. Ол тұмауға қарсы препаратты қабылдап, ұйықтап кеткен. Араға бір сағат салып, бет-аузы ісіп оянған.

Білікті дәрігер жайлы ДСМ сайты жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бортсерік қыз ұшақ ішіндегі жолаушыларға шұғыл дәрігер қажет екенін хабарлаған. Дәл сол уақытта ұшақта болған Жетісу облысының дәрігері Жаннұр Сырымов науқасқа бірден алғашқы көмек көрсетуді бастап кеткен.
Жолаушы Мұрат Иманғазиновтың айтуынша, бұл уақытта шамамен Қап тауларының үстінде ұшып келе жатқан.

«Экипаж шұғыл жағдай болса, ұшақты жақын маңдағы әуежайдың біріне қондырамыз деген шешім қабылдаған. Бірақ Жаннұр Мәуленұлы өз ісінің кәсіби маманы екенін айтып, аман-есен жеткізді. Өміріме араша түскен абзал жанға шексіз ризашылығымды айтқым келеді», - дейді Мұрат Иманғазинов.

Жаннұр Сырымов бүгінде Жетісу облысы, Көксу аудандық ауруханасының бас дәрігері болып қызмет атқарады. Сол сапарында Меккеге мүгедек әкесін қажылыққа апарып, қайтып келе жатқан беті екен.

«Науқасқа өмірімде әуеде медциналық көмек көрсетем деген ой болмапты. Әкеме үнемі ем-дом жасап жүретіндіктен, жанымда дәрі-дәрмек қобдишасын ұстайтынмын. Бортсерік қыздың хабарлауынан соң науқас ағаның жанына жедел барып қарасам, көзінің айналасы мен беті ісіне бастаған. Мұны медицина тілінде «Квинке ісінуі» деп атайды. Егер 15-20 минут ішінде адамға медициналық көмек көрсетілмесе, өліп кетуі ықтимал. Бірден «Аллергопресс» және «Преднизолон» препараттарын ектім. Одан соң қан қысымын өлшеп, тілінің астына таблетка салдым. Система салуды да бастап кеттім», - деді Жаннұр Сырымов.

Жаннұр Мауленұлы медицина саласындағы алғашқы қызметін санитарлық фельдшер болып бастаған. Көксу ауданындағы қызметіне дейін Алматыдағы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бүйрек трансплантологиясы, урология және экстракорпоралды детоксикация бөлімшесінің меңгерушісі, Талдықорған қаласында аурухана басшысының орынбасары болып еңбек еткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дәрігер #ұшақтағы жағдай #адамды құтқару
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика