AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті

Алматыда «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті

Әлеумет 30.01.2025, 15:22 798 Ернұр РЫСБАЙ
Алматыда «Мамандықтар жәрмеңкесі» өтті
Қайрат Қонысбаев

Оқушылар сарайында №64 жалпы білім беретін мектептің ұйымдастыруымен және Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Zhas Maman 2025» мамандықтар жәрмеңкесі өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесу, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптермен таныстыру және тиісті білім орнын анықтауға жәрдемдесу. Жәрмеңке барысында оқушылар түрлі колледж өкілдерімен кездесіп, олардан мамандықтар туралы көптеген ақпарат алды. Сонымен қатар, кәсіби бағдар берушілердің қатысуымен өткен шеберлік сыныптарында өз мүмкіндіктерін бағамдап, болашаққа нақты жоспар құруға мүмкіндік алды.

Шараның ашылуында №64 мектептің директоры, модератор Сұлтан Айтбаев сөз сөйлеп, мамандық таңдаудың маңыздылығына тоқталды.

– Биылғы жәрмеңке маңызды кезеңмен – Жұмысшы мамандықтар жылымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл шара – қоғамдағы еңбектің баға жетпес құндылығын мойындаудың белгісі. Қоғамды алға жылжытатын, дамытатын жұмысшы мамандықтардың рөлі ерекше. Біз осы кәсіптерді таңдаған жандардың еңбегін құрметтеуіміз керек. Өйткені олардың арқасында экономика дамып, жаңа мүмкіндіктер ашылады. Бүгін біз адамзаттың барлық жетістіктерінің негізінде тұрған кәсіптермен танысуға мүмкіндік алдық. Құрылысшылар, машинистер, электриктер мен слесарлар – бұл тек мамандық қана емес, өз ісіне адалдықты, жауапкершілікті, адалдық пен еңбекқорлықты талап ететін өмірлік таңдау. Жұмысшы мамандықтар – тек экономиканың тірегі ғана емес, сонымен қатар әр адам үшін тұрақты болашаққа апаратын жол. Бұл салаларда мансаптық өсуге, шығармашылық әлеуетті іске асыруға және елдің дамуына үлес қосуға мүмкіндік мол», – деді ол.

Жәрмеңкеге қатысушылардың бірі, Принтмедиа технологиялар колледжінің студенті Еңлік Бапан да өз пікірімен бөлісті.

– Мен мамандық таңдауда ұзақ ойландым. Осындай жәрмеңкелердің арқасында өзіме лайықты жолды таба алдым. Өзім оқитын колледжімнің де білім сапасы қатты ұнайды. Бүгінгі іс-шара мен сияқты болашақ мамандығын іздеп жүрген оқушылар үшін өте пайдалы болды. Жұмысшы мамандықтар тек қоғамға қажетті ғана емес, сонымен бірге тұрақты табыс пен өз ісіңе деген сүйіспеншілік сыйлайтын кәсіптер. Сондықтан, ең бастысы – жүрек қалауымен таңдау жасау, – деді ол.

Жәрмеңкеге қатысушылар бұл шараның өздеріне үлкен пайда әкелгенін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Көптеген оқушы өзіне лайықты мамандық пен оқу орнын таңдау бойынша маңызды ақпарат алды.

№64 мектеп пен Алматы қаласы Білім басқармасы алдағы уақытта да осындай пайдалы іс-шараларды ұйымдастырып, оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға қолдау көрсететінін жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жәрмеңке #мамандық #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);