AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда қар: коммуналдық қызмет жолға реагент сеу...

Алматыда қар: коммуналдық қызмет жолға реагент сеуіп, 450-ден астам арнайы техника шығарды 

Әлеумет 30.01.2025, 18:05 826
Алматыда қар: коммуналдық қызмет жолға реагент сеуіп, 450-ден астам арнайы техника шығарды 
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласында таңғы сағат 5-тен бастап қар жауа бастады, ол 1 ақпанға қараған түнге дейін жалғасады. «Қазгидромет» РМК болжауынша жауын-шашын мөлшері 8-9 мм-ге дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Көктайғақтың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қар жауар алдында жолдар 180 м³ сұйық реагентпен өңделді. Жолға құм-тұз қоспасын себуге 152 арнайы техника жұмылдырылды, сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 1250 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. 

Қардың жиналып қалуын тездетіп жою үшін қауіпті жол учаскелерінде, түсу және көтерілу аймақтарында, жолайрықтардың бұрылыс бөліктерінде 46 жедел бригада күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Олар тәулік бойы кезекшілік етуде.

Күндізгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 455 бірлік арнайы техника және 1060 жол жұмысшысы тартылды. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық орындарды, қоғамдық көлік аялдамаларын және жерүсті өткелдерін механикаландырылған тазалау үшін 95 бірлік шағын көлемді техника қолданылады.

Қаланың барлық аудан әкімдіктерінде қар күреу жұмыстарын бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

 «Қазгидромет» мәліметінше, бүгін қар кейде орташа қарқынмен жауып, кешкі 20:00-ге дейін 5-6 мм-ге дейін жетуі мүмкін. Қар 31 қаңтар күні тағы жауып, тағы 3 мм қосымша жауын-шашын түсуі ықтимал.

30 қаңтар күні ауа температурасы шамамен 0°С болады. 31 қаңтарға қараған түні температура -6…-8°С-қа дейін төмендеп, күндіз -2…-4°С аралығында сақталады.

Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын жолда мұқият болуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жол жүру кезінде ауа райын ескеруге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қар #тазалық #техника
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Кеше 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Кеше 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Кеше 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Кеше 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Кеше 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика