AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Сырнайлатып, кернейлетіп...

Сырнайлатып, кернейлетіп...

Әлеумет 18.04.2023, 10:16 1,326
Сырнайлатып, кернейлетіп...
almaty-akshamy.kz

Баланы перзентханадан шығарып алу да шоуға айналды


Жуырда Маңғыстау облыс­тық перинатальдық орталы­ғының өкілдері Facebook арқылы тұрғындарға тосын өтініш жолдады. Елді елең еткізген өтініш мәтінін толық келтіре кетейік.


«Құрметті достар! Қазіргі күні ғимара­тымыздың кіреберісінде сәбилерді үйге шығару шарасы шоуға айналды десек бо­лады. Күнде сағат 14.00-ден бастап жұмыс аяғына дейін орталық алды тойдағыдай у-шуға ұласып, қып-қызыл бимен жалғасып, қымбат көліктерге, түрлі аниматорларға толып кетіп, тума-туыс, дос-жаран кішігірім той жасайды. Қанша ескертсек те, қарапайым халық та, аниматорлар да түсінер емес, думанды той күнде жалғасу­да. Тұрғындар жаңа босанған ана мен өмір есігін ашқанына бір жеті де толмаған сәби­ге ерекше күтім мен тыныштық керек екенін біле тұра, әншілерді, аниматорлар­ды жалдап, дрон ұшырып, өлең айтып, концерт ұйымдастыруды үйреншікті әдет­ке айналдырып отыр.



Аса құрметті жерлестер! Ең алдымен, біздің орталық – медициналық мекеме. Мұнда тек қуаныш қана емес, басқа да жағдайлар болып жатады. Бір аналар сә­биін құшағына алып қуанып жатса, кейбірі жансақтау бөлімінде өмір үшін күресуде. Әсіресе, өте аз 500,0–700,0 гр салмақпен дүние есігін ашып, 2-3 ай бойына арнайы құрылғыларда оңалтудан өтіп жатқан бө­бектерге аса қажетті тыныштық жағдай­дың бұзылуы. Музыканың үні дауыс кү­шейткіші арқылы қатты шығады және ол барлық бөлімге анық естіледі. Шулы жағ­дай медицина қызметкерлерінің жұмыста­рына да кедергі келтіруде. Орталық ғима­раты типтік жобамен салынған, сәбилерді шығаруға бөлек, басқа орын қарастыру мүмкіндігі жоқ.



Иә, нәрестені үйге шығару – үлкен қуаныш! Мүмкін, заман талабы да шығар. Дегенмен, әр нәрсенің орны, шегі болуы керек. Перзентхананың алдында той-ду­ман ұйымдастырмай, шығаруға екі-үш жақын адамы келіп, жылдың төрт мезгілін­де болатын ыстық пен суықтың, желдің жайсыз әсерінен ана мен баланы сақтап, аман-есен үйіне жеткізіп, қуанышты өз шаңырағыңызда тойласаңыз, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің өтінішімізге түсіністікпен қарайды деген сенімдеміз. Рахмет!», делінген жазбада. Астына пер­зентхана алдын басып алған, шар ұстаған, кернейлеткен, сырнайлатқан отыз-қырық шақты адамның, қаз-қатар тізілген сүлік­тей қап-қара алты «Гелендвагеннің», күн­шуақта скамейкада тынығып жатқан ани­маторлардың суреттерін қоса жүктепті.


Бұл жазбаны елуден астам адам бөлісіп, қөбі құптаған пікірлер қалдырған. «Дұрыс солай болуы керек. Біреу баласы шетінеп жылап шығады. Біреулердің сол дабыраны жасауға қалтасы көтермейді. Содан ұрыс шығады. Тыйым салу керек». «Қалалық мәслихатпен бекітіп, тыйым салу керек, болды. Бағынбағандар айыппұл арқала­сын!». «Қошеметті өз үйінде, ауласында, тойханада жасай беруге болады негізі». «Бұл не мақтангерлік? Даңғойлық!». «Дұ­рыс тақырып қозғап отырсыз. Әсіресе, баласынан айырылған ана үшін, шаранасы өмір үшін күресіп жатқан ана үшін өте ауыр жағдай. Ана мен баланың қырық күндік шілдесі бар, мұндай жиын-той істе­генше, ана мен баланың жағдайын жаса­сын».


Айтпақшы, бұл жазбаға автор Денсау­лық министрлігімен бірге министрімізді де тегтепті. Сондықтан бұл өтініш жоға­рыға жетіп, тиісті шешім қабылданатын шығар.


Алматы да – үлкен қала. Ескере жү­рейік деген ой ғой біздікі...

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #перзет #қуаныш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық қонақ үй операторы Алматыда жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

Бүгін 16:37

Мемлекет басшысы Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

Бүгін 16:13

Жасанды интеллект технологияларын қолдануға арналған тақырыптық панельдік сессия өтті

Бүгін 16:02

Алматы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа моделін қалыптастыруда

Бүгін 15:53

«Жүрегімде екенсің...» метафизикалық драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика