конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / 10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт шықты

10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт шықты

Медицина 18.04.2023, 10:18 2,384
10 жастағы баланың миынан бір уыс құрт шықты
Сурет: Turkystan.kz

Шымкенттік дәрігерлер 10 жастағы балаға ота жасады. 


Бас ауруына шағымданған оқушыға "Асар" шағынауданындағы қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ота жасады. Нәтижесінде миындағы эхинококк кистасын хирургиялық жолмен алып тастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Astanatv.kz-ке сілтеме жасап. 


Ота екі сағатқа созылған. Отадан кейін науқас бала екі тәулік реанимацияда жатып, кейін жалпы палатаға шығарылған. Дәрігерлер бас миынан құрт табылған баланың қазіргі жағдайы жақсы екенін айтты.



«Сәуірде 10 жасар бала қалалық балалар клиникалық ауруханасына түсті. Жоспарлы түрде балаға ота жасалып, құрт тәрізді эхинококк кистасы алынды. Баланың диагнозы МРТ арқылы анықталған. Науқастың басы ауырған, сол белгілері бойынша ауруы анықталды», - деді Шымкент клиникалық балалар ауруханасының дәрігер-нейрохиругі Самат Көкшікбаев.



Отадан кейін бір аптаға жуық ауруханада жатқан науқасты дәрігерлер үйіне шығарды. Қазір мектеп оқушысы жергілікті емханадағы дәрігерлердің бақылауында. Дәрігерлердің сөзінше, бас миындағы эхинококк құрты - сирек кездесетін жағдай. Көбіне мұндай құрт тәріздес киста бауыр мен өкпеде кездеседі екен.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#ота #ми #құрт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Қазақстандағы қылмыстың деңгейі 10 пайызға төмендеді

Бүгін 18:00

Аида Балаева медициналық қызмет сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 17:03

Қазақстанда 7,7 млн тонна астық жиналды

Бүгін 16:00

Қазақстан дәрі-дәрмек өндірісін арттырып, медицинаны жаңғыртуға басымдық беруде

Бүгін 15:04

Алматының бас полицейі мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Бүгін 14:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);