Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Иткөйлек атауы қайдан шыққан: дәстүрдің мәні неде?

Иткөйлек атауы қайдан шыққан: дәстүрдің мәні неде?

Керек кеңес 19.11.2025, 11:46 653
Иткөйлек атауы қайдан шыққан: дәстүрдің мәні неде?
Сурет: Ernur.kz

Иткөйлек немесе итжейде - жаңа туған сәбиге қырқынан шыққанша кигізілетін дәстүрлі киім. Қазіргі таңда оны арнайы тігіп кигізу сирек кездескенімен, ырымдық мәні сақталып, жас аналар нәрестенің алғашқы киімін ырым ретінде сәби күтіп жүрген келіншектерге беретін дәстүр жалғасып келеді. Aqshamnews.kz тілшісі иткөйлек атауының төркінін және оның мән-мағынасын зерделеп көрді.

Иткөйлекті бұрын өте жұмсақ матадан - шыт, сиса, бәтес, бөзден тігіп, тігісін баланың денесіне батпау үшін сыртына қаратып жөрмелеген. Киімнің етегі мен шеттерін бүкпей, кең етіп пішуі баланың жақсы өсіп, ұзақ ғұмырлы болсын деген тілектен туған. Кейде оны көп жасаған адамның киімінің қиындысынан тігетін ырым да болған.

 ҚР ҰМ материалдары бойынша суретін салған Ж. Шәйкен.

Дәстүрдің итке байланыстырылуы туралы этнограф Досымбек Қатран былай дейді:

"Қазақта ит - өсіп-өнудің, берекенің нышаны. Қырқынан шығу кезінде баланың шашы мен тырнағы алынған соң, иткөйлекке тәтті-дәмді қосып түйіп, оны иттің мойнына байлайды. Сосын итті қуып жібереді. Сол кезде балалар иттің соңынан жүгіріп, ілінген тәттіні алуға тырысады", - дейді этнограф.

Бұл ғұрып "ит қуу" деп те аталады. Негізгі мәні - иттің қырық жаны бар, пәле-жаланы өзімен бірге алып кетеді деген сенімнен туған. Сондай-ақ бала ит сияқты жүйрік, алғыр, "итжанды" болсын деген ырым бар. Қазақта "итжанды" сөзі төзімді, берік адамды білдіреді.

Суретте иткөйлек байланған итті қуалау сәті бейнеленген. Авторы: Оспанұлы Е. "Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Балалық шақ, үйлену. Графика " (Алматы, 2009) атты еңбектен.

Иткөйлек атауына қатысты халық арасында қызықты аңыз да бар. Аңыз бойынша, Алла адамды жаратқанда, кіндігінен қалған бір шөкім балшықтан итті жаратыпты. Кіндік балшығынан жаралған соң, алғашында оның терісі түксіз, жалаңаш болыпты. Ібіліс Адамға тіл тигізіп, бетіне түкірген кезде ит оны қорғап, Ібіліске тап береді. Ашуланған Ібілістің қаһарынан ит тоңып өледі. Алла оның ерлігіне риза болып, қайта тірілтіп, денесін қалың терімен қаптайды. Сол көнеден бері ит - адамның ең сенімді серігі саналған.

Жаңа туған баланы да бәле-жаладан қорғау үшін иткөйлек кигізу осы нанымнан қалған делінеді. Бұрын баланың итжейдесін жаугершілікке кеткен ер-азаматтар тіпті бойтұмардай көріп, өзімен бірге алып жүрген.

Этнографтардың айтуынша, иткөйлекті бала сүймеген келіншектер де ырымдап алады. Киімді бергенде оның бір шетінен кішкене кесіп алу дәстүрі бар. Сондықтан қазақтар иткөйлекті қастерлі бұйым санайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ит көйлек #ит жейже #Дәстүр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі