Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Алматы әкімі елдің негізгі ядролық ғылыми институт...

Алматы әкімі елдің негізгі ядролық ғылыми институтының жұмысымен танысты

Білім және ғылым 19.11.2025, 12:01 354
Алматы әкімі елдің негізгі ядролық ғылыми институтының жұмысымен танысты
Алматы әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ядролық физика институтына барды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бұл атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық қызметтің толық циклі бар елдегі жалғыз ғылыми ұйым. Мұнда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі, жаңа технология әзірленеді, өндіріс жұмыс істейді және атом саласына мамандар даярланады.

Қала басшысы заманауи зертханалардың және тәжірибелік қондырғылардың жұмысымен танысты. Олардың арасында ВВР-К зерттеу реакторы, радиохимия және изотоптар өндірісі жөніндегі ғылыми-техникалық орталық бар. Институтта онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармпрепараттар шығарылады. Бүгінде Қазақстандағы радиофармацевтикалық өнімнің шамамен 85%-ын осы институт өндіреді. Препараттар Алматы, Астана, Шымкент, Семей медициналық ұйымдарына жеткізіледі, сондай-ақ өнеркәсіптік радиоизотоптар Ресей, Германия, АҚШ және Францияға экспортталады.

Институт базасында МАГАТЭ мен АҚШ Энергетика министрлігінің қолдауымен ашылған үш оқу орталығы жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде мұнда шамамен 5000 маман даярланды. Институт 30-дан астам халықаралық ғылыми құрылымдар және университеттермен серіктестік орнатқан, ал 2023 жылы CERN ғылыми коллаборациясына қосылды.

Әкім Ядролық физика институтының маман даярлау, ғылыми әлеуетті дамыту және халықаралық серіктестікті кеңейту бағытындағы рөлін атап өтті. Ол ғылымның қаланың өзекті міндеттерін шешуге интеграциялануы аса маңызды екенін айтты. Ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және қалалық қызметтердің өзара іс-қимылы жүйелі болуға тиіс.

Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жергілікті атқарушы органдардың білім беру және зерттеу орталықтарымен тығыз ынтымақтастығын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын еске салды. Осыған байланысты әкім институтқа қалалық инфрақұрылымға арналған шешімдер мен инновациялық технологияны енгізуді қамтитын бірлескен жобалар бойынша нақты ұсыныстар ұсынуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ядролық физика институты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сенатор Бибігүл Жексенбай референдум қарсаңында "Қазатомөнеркәсіп" ұжымымен кездесті

Бүгін 08:51

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі