Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ШОБ-ты қолдау бағытында Алматы Кәсіпкерлер палатас...

ШОБ-ты қолдау бағытында Алматы Кәсіпкерлер палатасымен қандай құралдар іске асырылуда?

Әлеумет 18.08.2023, 09:48 1,080
ШОБ-ты қолдау бағытында Алматы Кәсіпкерлер палатасымен қандай құралдар іске асырылуда?
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

ШОБ дамыту және мегаполис кәсіпкерлеріне қандай қолдау шаралары көрсетілуде, бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы төрағасының міндетін атқарушы Нариман Ибрагимов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Брифинг барысында спикер Алматыда Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункционалды орталықтың іске қосылғанын, онда мемлекеттік, банктік, сервистік және қаржы институттарының қызметтерін қоса алғанда, заңды тұлғаларға арналған 800-ден астам түрі көрсетілетінін айтты. Осыған ұқсас екі орталық елорда мен Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр. 



"Алматыда кәсіпкерлер жаңа орталықтың мүмкіндіктерін сынап жатыр.  Шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі бойынша жыл сайын Алматы қаласы  Қазақстанда бірінші орын алады. Бүгінде мегаполисте 380 мыңға жуық ШОБ субъектісі тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері – 323 мыңнан астам. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 39% жоғары. Енді олардың барлығы жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункционалды орталықта “бір терезе” қағидаты бойынша қызмет ала алады", - деді Н. Ибрагимов.



Ол сондай-ақ Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалды орталықтарын бүкіл ел аумағында ашу жоспарланғанын айтты. Жобаның басты мақсаты – бизнесті қалыптастырудың барлық кезеңінде: идеядан бастап жобаны толық іске асыруға дейін бизнес пен кәсіпкерлік бастамасы бар қазақстандықтарды кешенді сүйемелдеу.


Кәсіпкерлер палатасының негізгі қызметі мен міндеті – бизнестің құқығы мен мүдделерін қорғау. Өткен жартыжылдықта осы бағытта кәсіпкерлерге жан-жақты құқықтық кеңес беру мәселелері көтерілді, деп атап өтті спикер. 



"Келушілердің негізгі құқықтарын мұқият және сауатты түсіндіру нәтижесінде 2022 жылдың ұқсас кезеңінде ресми өтініштер санын 123-тен 82-ге дейін төмендетуге қол жеткізілді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында кеңестің 10 отырысы өткізілді. 22 Проблемалық мәселе қаралды.  Барлық сұрақтар ауқымды және жеке сөйлеуді талап етеді", - деп қосты ол. 



Сондай-ақ, Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп ұйымдастырылған  “Бизнеске жол” және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобалары аясында кәсіпкерлерге тегін құқықтық көмек көрсету бойынша акциясы өтті.


Кәсіпкерлерге ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдардың басшылары мен білікті заңгерлер 268 бизнес субъектісі орналасқан "FORUM" сауда-ойын-сауық орталығында кеңес берді.


2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 2720 қызмет көрсетілді, оның ішінде 2509 бірегей клиент, сонымен қоса 1917 ЖК және 161 ЖШС.


Сонымен қатар, кәсіпкерлік әлеуетін дамыту мақсатында екі бағытта “Мен кәсіпкер” құралы іске асырылуда:



1) кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттерді оқытуды және бейіндік оқытуды қамтитын “Кәсіпке бағыт”;
2) әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары.



Бұл құрал кәсіпкерлік бастаманы іске асырушыларға, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.



“2022 жылы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтарында 609 қызмет көрсетілді. Кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту үшін қала әйелдеріне арналған курстардың қажеттілігін анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. “Кәсіпке бағыт” аясында кәсіпкерлер қажеттіліктері анықталып, оның негізінде бейінді оқыту жұмыстарын жүргізетін қызмет көрсетушілер ізделуде”, - деп түйіндеді сөзін Н. Ибрагимов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #шағын бизнес #тетік #Кәсіпкерлік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика