AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматылық полицейлер заңсыз қайта жабдықталған көл...

Алматылық полицейлер заңсыз қайта жабдықталған көліктерді анықтады

Заң мен тəртіп 18.08.2023, 09:46 1,051
Алматылық полицейлер заңсыз қайта жабдықталған көліктерді анықтады
Сурет: интернеттен

Полиция құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізіп жатыр.


Алматылық полицейлер заңсыз қайта жабдықталған көліктерді анықтады, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Polisia.kz-тің мәліметінше, такси режимінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың ҚР-ның жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында қолданыстағы ҚР “Автомобиль көлігі туралы”, “Жол қозғалысы туралы”, “ҚР ЖҚЕ және жолаушылар мен жүк тасымалдау ережелерін сақтау” заңнамасын бұзу деректерінің көбеюіне байланысты Алматы полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесуге бағытталған рейдтік іс-шараларды өткізіп жатыр. Тәжірибеде уәкілетті органның келісімінсіз қайта жабдықтау, жарнамалық құрылымдарды, лайт-бокстарды, электронды панноларды орнату, сондай-ақ жолаушыларды қауіпсіздік белдіктерін тақпай тасымалдау, балаларды ұстау орындары мен автокөлік орындықтарын қолданбай тасымалдау секілді заң бұзушылықтар жиі кездеседі.



«Адамдардың қауіпсіздігіне қатысты техникалық регламенттер мен стандарттардың барлық талаптары орындалуы керек. Сонымен қатар қала аумағында жарнамалық құрылымдар мен электронды таблоларды орнатуға қатысты қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып, механикалық автокөліктерді пайдалану деректері жиілеп кеткенін айта кету керек», деді, Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Асхат Құлбаев.



Спикердің айтуынша, бұл қайта жабдықтаулар жол қозғалысының басқа қатысушыларын алаңдатады.



«Көбінесе оларды орнату және көлік құралының борттық желісіне қосу “ҚР СТ 31306 Автокөлік құралдары. Сыртқы беттердегі жарнама”, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша іс қозғалады. Жүргізушілер көліктерін жоғарыдағы заң талаптарына сәйкес келтіруі қажет. Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда полиция қызметкерлері оларды әкімшілік жауапкершілікке тартады», деді Асхат Құлбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #құқық #Рейд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);