ffin.kz

Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыда референдумда дауыс берді

Ақын Әділғазы Қайырбеков Алматыда референдумда дауыс берді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Белгілі ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбеков Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әділғазы Қайырбеков Алматының Әуезов ауданындағы № 123 мектепте орналасқан №624 сайлау учаскесіне келді.

 «Бүгін референдум өтіп жатыр, оның қорытындысы еліміздегі өзгерістерге әсер етеді. Қазақстан халқына АЭС құрылысы мәселесі бойынша көзқарасын білдіру мүмкіндігі өте маңызды. Осы мәселеге қатысты барлық түйткілді зерттеп, мен болашақ ұрпақтың өміріне оң әсер ететін шешімді қолдадым», – деді Әділғазы Жақсылықұлы.

Естеріңізге салайық, бүгін Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге таңертең №388 мектеп-лицейінде орналасқан сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Алматылықтар сайлау учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

13:06

12:55

12:53

12:49

12:49

12:47

12:38

12:37

12:29

12:28

12:26

12:24

12:19

12:16

12:09

12:07

12:06

12:04

12:03

11:56

11:53

11:50

11:47

11:42

11:40