AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қала қарттары саяси науқанда белсенділік танытуда

Қала қарттары саяси науқанда белсенділік танытуда

АЭС: Референдум 06.10.2024, 12:07 1,105
Қала қарттары саяси науқанда белсенділік танытуда
aqshamnews.kz

Алматыда өтіп жатқан референдумда өмір көрген, қазыналы қарттарымыз саяси науқанда белсенділік танытып, өз дауыстарын беріп жатыр.

Елімізде 90-нан асқан, 100-ге келген қарияларымызға үйде дауыс беру мүмкіндігі жасалғанына қарамастан, сайлау учаскелеріне арнайы келіп, бюллетеньді өздері толтырып, жәшікке өздері салып жатқан қарияларымыз да аз емес.

Солардың бірі – Алмалы ауданындағы №86 сайлау учаскесіне келген, 1934 жылы туған Әбіләкім Аубакиров.

90 жастағы ақсақал өмірінің саналы ғұмырында барлық саяси науқандарға белсенді атсалысып келе жатыр. Бүгін де сол әдетінен жаңылмай, өзі тіркелген №86 сайлау учаскесіне жұбайымен бірге келді. Әбіләкім ата кезінде Дінмұхаммед Қонаевпен бірге қызмет етіп, ел мүддесі үшін талай игі істерге атсалысқан.

– Димаш аталарыңмен бірге 15 жылдай қызметтес болдым. Ұлт мүддесін қорғауға келгенде ешкімге есе жібермеген сол тұлғаны өмірімнің үлгісі санаймын. Сендер де адал болыңдар! Ұлтқа адал қызмет етіңдер! Еңбектерің жемісті, өмірлерің келісті болсын! – деп, Әбіләкім ата сайлау учаскесінде қызмет етіп жүрген жандар мен дауыс беруге келген тұрғындарға ақ батасын берді. Сонымен қатар, ол алматылықтарды ел болашағына бей-жай қарамай, осы маңызды науқанға белсенді атсалысуға шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #Әбіләкім Аубакиров
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10

Санаулы күнде виза алу: инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі жеңілдей түсті

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика