ffin.kz

Олимпиада чемпионы референдумда дауыс берді

Олимпиада чемпионы референдумда дауыс берді Сурет Алматы қаласы әкімдігі
 

Алматыда атақты спортшы, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауыс берді. Спортшы Мемлекеттік қуыршақ театрында орналасқан №361 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.

«Референдумға қатысу арқылы мен өзімнің белсенді азаматтық ұстанымымды көрсетемін. Әрбір қазақстандық бұл мәселеде шет қалмауы тиіс деп санаймын», – деп атап өтті Ермахан Ибраимов.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейде орналасқан №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді. Алматы тұрғындары өз учаскелеріне барып, сағат 20:00-ге дейін дауыс бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32