AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Біз болашақ ұрпақтың бақыты үшін дауыс берудеміз

Біз болашақ ұрпақтың бақыты үшін дауыс берудеміз

АЭС: Референдум 06.10.2024, 12:09 1,407 Құралай ИМАНБЕКҚЫЗЫ
Біз болашақ ұрпақтың бақыты үшін дауыс берудеміз
aqshamnews.kz

Алматыда өтіп жатқан референдумда елінің ертеңіне алаңдаған қазыналы қарттарымыз белсенділік танытуда. Солардың бірі – ҚазҰУ профессоры, 91 жастағы Кеңес Биекенов атамыз да саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

– Бүгін біз маңызды міндеттерді жүзеге асырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді деген үмітпен өз таңдауымызды жасап жатырмыз. Бұл қадам әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсетеді. Ел игілігі жолындағы ортақ жұмысымыз сәтті болғай! – дейді Кеңес ата.

Кеңес Биекенов өмір бойы білім саласында қызмет етіп, талай шәкірт тәрбиелеген. Елге деген адалдығы мен жауапкершілігін бүгінгі таңда да дәлелдеп отыр. Ол бүгінгі референдумның ел болашағы үшін маңызы зор екенін атап өтіп, барша қазақстандықтарды белсенділікке шақырды.

– Біз болашақ ұрпақтың бақыты үшін дауыс берудеміз. Әрбір дауыстың маңызы бар, сондықтан барлық азамат өз таңдауын жасауға міндетті. Мемлекетіміздің болашағы біздің бүгінгі қадамымызға байланысты, – деп сөзін түйіндеді Кеңес ата.

Алматы қаласында өтіп жатқан бұл саяси науқанға түрлі жастағы тұрғындар белсенді қатысып, өз азаматтық борыштарын орындауда. Еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін әрбір қазақстандықтың үлес қосуы маңызды, және бұл күні қала тұрғындары осы жауапкершілікті сезініп, өз таңдауын жасауға асығуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #референдум #қарттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);