Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстанда АЭС салына ма?

Қазақстанда АЭС салына ма?

АЭС: Референдум 06.10.2024, 12:28 1,294
Қазақстанда АЭС салына ма?
almaty-akshamy.kz

Бүгін елімізде осы мәселе дауысқа салынып жатыр.

Дауыс беру барысын 14 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері, соның ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстан және Өзбекстан орталық сайлау органдарының төрағалары да бақылап отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Референдумға 30 шет мемлекет пен төрт халықаралық ұйымның (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес) атынан 177 байқаушы қатысады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 37 елден 200 шетелдік журналистерді аккредиттеді, олар да республикалық референдумды бақылап, ақпарат таратады.

Ел үшін маңызды саяси науқанға Мемлекет басшысының өзі бастап қатысты.

Президент оң шешім шыққан жағдайда Қазақстан үкіметі арнайы сараптама жүргізетінін айтты.

“Бұл күрделі мәселе. Үкімет арнайы сараптама жүргізуі керек. Ал менің жеке көзқарасым бойынша, ең озық технологиялары бар әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі керек”. Қалғанын әрі қарай, өмір көрсетеді", - деді Тоқаев.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов еліміз үшін маңызды тарихи сәтте азаматтық борышын орындап, халықтың пікіріне құрметпен қарайтынын көрсетті.

Премьер-министр референдум еліміздің энергетикалық болашағын анықтайтын шешуші кезең екендігін атап өтіп, әрбір қазақстандықтың таңдау жасауы елдің келешегіне үлкен әсер ететінін айтты.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге Алматыдағы №48 мектеп-лицейінде орналасқан №388 сайлау учаскесіне барып, атом электр стансасын салу туралы республикалық референдумда дауыс берді.

Алматы шаһарында тұратын мәдениет қайраткерлері мен өнер майталмандары да саяси науқаннан тыс қалған жоқ. 

"Халық осы жауапкершілікті түсініп, өз таңдауын жасауда. Бұл таңдау — еліміздің келешегіне деген сеніміміздің және ортақ игілік үшін күш біріктіру ниетіміздің дәлелі", деді референдумға келген Халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Аты аңызға айналған қазақстандық опера әншісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бибігүл Төлегенова атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумға дауысын үйінде берді. №559 сайлау учаскесінің өкілдері бюллетеньдерге арналған урнаны  Бибігүл Ахметқызының тұрғылықты  мекенжайына әкелді.

Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, композитор және әнші Алтынбек Қоразбаев №202 мектеп-гимназиясында орналасқан № 211 учаскесінде дауыс берді.

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бахтияр Тайлақбаевтың пікірінше, мұндай сенімді әрі тиімді энергия көзінің болуы тек қазіргі мәселелерді шешіп қана қоймай, болашақ өсіп-өркендеуге де жағдай жасайды.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденінің иегері Құдайберген Бекіш Алматыдағы №168 мектепте орналасқан № 416 учаскеге барып, референдумда дауыс беруге қатысты.

Алматы музыкалық колледжінде орналасқан №64 сайлау учаскесіне алғаш болып дауыс берген қоғам қайраткері Асылы Осман болды. 

Елдің экономикасы үшін маңызды саналған саяси додадан қариялар да қалыс қалып жатқан жоқ.

Қызылорда облысының Сырдария ауданында тұратын Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Яхия Тасыров референдум күні белсенділік танытып, өз учаскесінде дауыс берді.

Тыл еңбеккері, Алматыдағы Наурызбай ауданының 99 жастағы тұрғыны Камила Қасымова Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша республикалық референдумға қатысты.

Бүгінгі референдумға елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері, қоғамдастық мүшелері де белсене атсалысты.

Атаман Владимир Шихотовтың айтуынша, қазақстандықтардың референдумға белсенді қатысуы тікелей Қазақстанның болашағына әсер етеді.

Алматыдағы Қазақстандық орыс мәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев референдумға қатысып дауыс берді.

Референдум саяси шара болуымен қатар халықтың рухын көтеретін патриоттық мәні бар науқан. 

Мегаполистің №173 мектеп-лицейінде орналасқан №585 сайлау учаскесінде алматылықтарды алып батырлар қарсы алды. Осы бейнесімен олар дауыс берушілерге көшпенділер әлемінің атмосферасын сездірді.

Батырлар легін Мемлекеттік қуыршақ театрында орналасқан №361 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасаған олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов жалғады.

Аға буынның саяси белсенділігін жастар да жалғастырып әкетті.

Референдумда «Мисс Алматы» атағының иегері Елдана Сауранбаева да дауыс берді.

“Miss Universe Kazakhstan 2023”, “Miss Almaty 2023” атанған алматылық ару Мадина Альмуханова Алматыдағы №243 референдум учаскесінде дауыс берді.

Әйелдер боксы бойынша Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай Алматыдағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беріп, АЭС құрылысы бойынша референдумға қатысты.

№101 сайлау учаскесіне Референдумға дауыс беруге әнші, композитор Дидар Каден келді.

Бүгінгі референдумның бюллетені.

10 мыңнан астам референдум учаскесіне барған халық "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" деген сұраққа жауап береді. "Иә" немесе "жоқ" деген екі жауап нұсқасы қарастырылған.

Сайлаушылар тізімінде 12 млн 233 мыңнан астам азаматтың аты-жөні бар. Референдум сайлаушылардың 50 пайыздан астамы қатысқан кезде өтті деп саналады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #АЭС #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика