Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді

Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің негізін қалаушы Мұрат Құсайынов Алматыда өткен референдумда дауыс берді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Дос-Мұқасан» ансамблінің көркемдік жетекшісі және негізін қалаушы, композитор Мұрат Құсайынов Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша референдумға қатысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Ол Алматыдағы Орталық стадион аумағында орналасқан № 262 сайлау учаскесіне келді.  

«Бүгін біздің мемлекетіміз үшін айтулы күн. Ел бірлігі біздің қолымызда. Мен референдумға келіп, елдің мүдделері мен азаматтардың әл-ауқатын басшылыққа ала отырып, өз таңдауымды жасадым. Бұл біздің еліміздің және біздің ұрпағымыздың болашағы үшін үлкен шешуші сәт», - деп атап өтті танымал композитор.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан аумағында АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтуде. Алматы әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге №48 мектеп-лицейдегі №388 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс беруге қатысты. Алматылықтар тұрғылықты жері бойынша сайлау учаскелеріне барып, сағат 20.00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:38

18:32

16:31

16:08

15:52

15:22

14:45

14:14

13:45

13:14

12:45

12:10

11:45

11:05

10:41

10:20

09:10

08:44

21:25

20:39

17:44

17:34

17:23

17:07

16:55