ffin.kz

Қазақстанда екі ай ішінде 430 есірткі қылмысы анықталды

Қазақстанда екі ай ішінде 430 есірткі қылмысы анықталды Сурет: Polisia.kz

Ағымдағы жылдың екі айында республикада есірткінің заңсыз айналымы саласында 430 қылмыс, оның ішінде 285 есірткі өткізу және 22 контрабанда фактісі анықталды.


475 килограммға жуық есірткі тәркіленді, оның 50 кг-ға жуығы синтетика. Сегіз есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.


Олар Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында анықталған. Жасырын есірткі өндірісін ұйымдастырғаны үшін 16 адам ұсталды. Жуырда ақтөбелік есірткі полицейлері облыс орталығының 30 жастағы тұрғынын ұстады, одан 850 грамм мефедрон тәркіленді. Күдікті жалға алынған үйде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі шығарумен айналысқан. Сонымен қатар, серіктесімен бірге жасырылған 24 жерден есірткі тәркіленген. Бұған қоса, жалға алынған үйден өндіріске арналған құрылғылар алынған



“Ақпараттық технологиялардың дамуымен есірткі құралдарын тарату тәсілдері де жетілдірілді, енді интернет заңсыз айналымның негізгі алаңына айналды. Есірткінің заңсыз айналымына жаңа қатысушыларды тарту мақсатында жұмысшылар мен мамандарды жалдау үшін интернет-ресурстар пайдаланылатын жағдайлар да жиі кездеседі. Мұндай фактілерді анықтау үшін біз жұмысты ұсынатын сайттарды өз бетімізше бақылап қана қоймаймыз. Осы орайда осындай қызметтердің танымал провайдері – “OLX Group” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен өзара іс-қимыл жасау жолға қойылды. Соның арқасында ағымдағы жылы курьерлік жұмыс ұсыныстары түріндегі есірткіні “жасырып кетушілерді” жалдау бойынша 50 хабарландыру анықталып, жойылды. Бұл жұмыс жалғасуда. Telegram серверінің қазақстандық әкімшісімен де осы бағыттағы мәселе пысықталуда, қазірдің өзінде есірткіні жасырын сатумен айналысқан 440 чат анықталды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің “Киберқадағалау” ақпараттық жүйесіне қолжетімділік қамтамасыз етілді. Бұл шара кейіннен оларды белгіленген тәртіппен оқшаулау үшін автоматты режимде заңсыз контенті бар интернет-ресурстарды анықтауға мүмкіндік береді. Айта кету керек, соңғы үш жылда осы мессенджерде 2318 бұзушылық анықталды, оларға қатысты мессенджер әкімшілігіне 104 хабарлама хаты жолданды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің деректеріне сәйкес, ағымдағы жылдың екі айында ғана 2316 заңсыз материал, оның ішінде телеграм-арналар мен телеграм-боттар жойылды, – деді Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.



Өткен жылы есірткінің таралуы туралы ақпаратты қамтитын 1600-ден астам интернет-ресурс анықталды, олардың 1200-ге жуығы бұғатталды, қалғандары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 408 интернет-ресурс бұғатталды. Тиісті электрондық сілтемелері бар 10 мыңнан астам граффити сурет жойылды.


Бұдан басқа, “Бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы шеңберінде Қазақстан аумағында әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмыс істеу қағидаларын реттеу жоспарлануда: олардың өкілдіктерін құру, құқыққа қайшы ақпаратқа қол жеткізуді шектеу немесе жою жөніндегі міндеттерді енгізу. Бұл шаралар интернет кеңістігін осындай контенттен тазартуға және кәмелетке толмаған пайдаланушыларды есірткіні тұтынуды насихаттайтын ақпараттан қорғауға мүмкіндік береді. Ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағы болуға шақырады.


Жұмыс сипатын тексермей, сайт әкімшісінің, курьердің жұмысы туралы ұсыныстарды қабылдамауға шақырады. Алайда мұндай “жұмыс берушілер” жұмыстың заңсыз екенін бірден айтып, болашақ жұмысшыларды жоғары жалақымен және кез келген уақытта тиімді бизнестен шығып кету мүмкіндігімен қызықтырады. Әдетте дәл осы “есірткі жасырып кетушілер” мен курьерлер полициямен ұсталып, сот үкімімен ұзақ жылдарға бас бостандығынан айырылып жатады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53

10:51

10:37

10:13

10:04

09:54

09:53

09:38

09:35

09:05

08:58

08:49