AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанда 5G жиілігіне ашық аукцион басталды

Қазақстанда 5G жиілігіне ашық аукцион басталды

Әлеумет 22.12.2022, 02:20 982
Қазақстанда 5G жиілігіне ашық аукцион басталды
Сурет: Ашық дереккөз

5G технологиясын енгізу 2030 жылы әлемдік ЖІӨ-нің 610 миллиард доллардан асуына әкеледі


Қазақстанда байланыс операторлары арасында алғаш рет жиіліктерді бөлу бойынша электронды сауда-саттық басталды. Аукцион ұялы байланыстың бесінші буынын (5G) енгізу мен жиілік диапазондарын бөлуді көздейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бәсеке қалыптастыру мақсатында аукционға радиожиіліктерді бөлу тәртібімен бекітілген талаптарға сай келетін компаниялар қатыса алады. Бұл аукцион 5G технологиялары үшін радиожиілік таратудың ашық механизмін көрсетеді.



«Бүгінгі таңда технологиялар қарқынды дамып келеді. Сондықтан түрлі экожүйелерді, қосымшаларды, қызметтерді жүйелендіру үшін сапалы инфрақұрылым қалыптастыруымыз қажет. Әрине 5G технологиясын дамыту үшін бірнеше жылдар қажет. Алайда, осы уақыт ішінде трафиктер едәуір үлкен көлемде дамып, жаңа қызметтер пайда болады. Бүгін біз азаматтарымызға сапалы заманауи сервистерді ұсыну үшін, жаңа ұялы байланыс жүйесін енгізуді көздеп отырмыз», - дейді ҚР Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек.



Аукцион шарттары бойынша қатысушыда – кемінде алты облысты, республикалық маңызы бар қалаларды қамтитын телекоммуникалиялар мен ұялы байланыстың магистральдық желілері және мемлекеттік лицензиясы болуы тиіс. Сондай-ақ, негізгі шарттарға сәйкес, қатысушы компания тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында болмауы керек. Оған қоса, кепілдік жарнаны төлегені туралы құжаттарды ұсынуы қажет.


GSMA Intelligence халықаралық ұйымының жаһандық және өңірлік зерттеуі 2030 жылға қарай 5G технологиялары жалпы ішкі өнімге және әлеуметтік-экономикалық жағдайға оң әсерін тигізетінін бағалаған.


Сонымен қатар, халықаралық талдау негізінде 5G технологиясын енгізу 2030 жылы әлемдік ЖІӨ-нің 610 миллиард доллардан асуына әкеледі. Бұл 5G технологиясының жалпы әлеуметтік-экономикалық әсерінің 65% құрайды.


5G технологиялары мен қызметтерінің әлеуметтік-экономикалық әсерінен бөлек, денсаулық сақтау мен білімге қолжетімділікті жақсарту, қоғамдық қауіпсіздікті арттыру және қоршаған ортаның ластануын азайту сияқты қосымша артықшылықтары күтілуде.


Жоғарыда аталған зерттеу бойынша ТМД елдерінде 5G-ді қолданысқа енгізу арқылы ЖІӨ-нің 14 миллиард долларға өсуі болжанып отыр, оның ішінде Қазақстанның үлесі 12%-ды құрайды.


Сонымен қатар, көптеген дамыған елдерде 5G жиіліктерін сату аукциондарында қомақты қаражат бөлінгенін атап өткен жөн. Мысалы, Швейцарияда - $378 млн, Италияда - €6,5 млрд, Испанияда - €437,6 млн, Австрияда - €188 млн, Ұлыбританияда – £1,35 млрд, Германияда - €6.5 млрд, Оңтүстік Кореяда- $3,3 млрд.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#5G #технология #аукцион
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Бүгін 13:42

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика