AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қала мен ауыл баласының білім айырмашылығы – 15%

Қала мен ауыл баласының білім айырмашылығы – 15%

Білім және ғылым 10.02.2023, 14:30 1,403 Almaty-akshamy
Қала мен ауыл баласының білім айырмашылығы – 15%
Сурет: Ашық дереккөз

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр


Ақтөбеде басталған «Білім ALL» жобасы ауыл мен қала баласының білімін теңестіруге мүмкіндік береді. Ол үшін барлық елді мекенді интернетпен қамту қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Білім ALL» жобасымен танысты. Қобда ауданы Талдысай ауылына барып, мұғалімдермен, оқушылармен кездесті.



«Ақтөбе облысының ауылдарында 200-ге жуық мектеп бар. Оның 120-сында «Білім ALL» жобасы қолға алынды. Жобаның дамуына интернет қажет. Интернетсіз қатынас, бейнесабақ та болмайды. Сондықтан, интернет мәселесін шешу үшін барлық мобильді оператормен бірге келдік. Әкімнің осындай жоба ұйымдастырып жатқаны Президенттің ауылды көтеру туралы тапсырмасына кіреді. Пилоттық жоба осы жерден басталды. Себебі, қалаға қарағанда ауыл балаларының білім деңгейі төмен, 15% айырмашылығы бар. Ал, ««Білім ALL» жобасы жоғары білікті мамандарды жинап, оқушыларға онлайн сабақ беруге, олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Балаларға ғана емес, ауыл мұғалімдеріне де керек. Олар тәжірибесін арттырады», - деді министр Бағдат Мусин.



Жалпы, Ақтөбе облысында ауылдардағы 120 мектептің интернет сапасы осы жобаға сай келеді деп есептелген. Биыл қыркүйекке дейін тағы жиырмасын интернетке қосу жоспарда бар. Ал өзгесі 2024 жылдың қыркүйегіне дейін қамтылады.



«Бұрын «интернет керек» деген кезде ойнайды, видео қарайды деп айтылды. Ал енді оқуға талпынған балаларға керек деген кезде басқаша сұрақ туындайды. Сондықтан, біз осы жобаға республикалық деңгейден қаражат бөле аламыз. Қазір «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы әзірленіп жатыр. Оны наурыз айының басында бекітеміз. Кейін қаражат бөлінеді. Қаражатты мектептерді интернетке қосуға жұмсаймыз. Әрбір ауылға сым тарту, құбыр тарту сияқты жұмыс. Ауылға интернет жеткізу үшін бес жылда 190 млрд теңге жұмсалады. Көбіне оптикалық, қиын жерге ступниктік желі қосылады», - деді министр.



Еске салсақ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ақтөбеде таныстырылған «фельдшер сөмкесі» жобасына қолдау көрсетуге уәде етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мектеп #білім #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);