AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс...

Елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр

Медицина 10.02.2023, 15:00 1,692 Almaty-akshamy
Елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр
Сурет: Ашық дереккөз

Еліміздегі фармацевтика саласы ақшалай эквивалентте 863 млрд теңгені құрап отыр


Фармацевтика саласында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд теңгені құрап отыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінгі таңда елімізде фармацевтика саласында 97 өндіруші жұмыс істеп жатыр. Оның 34-і - дәрілік заттар шығарумен айналысса, 41-і медициналық мақсаттағы заттарды, 22-сі медициналық техника жасауды меңгерген», - деді Ж. Бүркітбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.



Оның айтуынша, еліміздегі фармацевтика саласы ақшалай эквивалентте 863 млрд теңгені құрап отыр. Соның арасында отандық тауар өндірушілер үлесі 162,6 млрд теңгені құрады.



«2022 жылы жергілікті фармацевтикалық нарықтағы отандық өндірістің үлесі 19 пайызды, импорттық өнім 81 пайызды құрады», - деді вице-министр.



Айта кетейік, 2021 жылғы Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев фармацевтика өнеркәсібіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды.



«Біздегі дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтың 17 пайызы ғана – отандық өнім. 2025 жылы оны 50 пайызға жеткізу қажет», - деді Президент.            


Телеграм арнаға жазылыңыз
#фармацевтика #өндіріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);