AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Ахуалдық орталықты аралап көрді

Президент Ахуалдық орталықты аралап көрді

Әлеумет 25.01.2024, 11:15 1,125 Almaty-akshamy.kz. 
Президент Ахуалдық орталықты аралап көрді
Сурет: Akorda.kz

 Мемлекет басшысы Алматы қаласының тыныс-тіршілігі туралы жан-жақты ақпарат беретін Ахуалдық орталықты аралап көрді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа қала әкімі Ерболат Досаев аталған орталық Big Data талдауы мен Open Data тұжырымдамасын енгізу негізінде сапалы шешімдер қабылдау үшін тиімді құрал болатынын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


Бұл орталық мегаполистегі өмірдің барлық аспектісіне қатысты деректерді жинап, талдауға, халықты құлақтандыруға және қала билігінің тұрғындармен арадағы кері байланысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Алматының Ахуалдық орталығы қала тіршілігінің барлық саласын қамтитын 53 модульден тұрады. Деректер 50-ден астам ұйымнан, сондай-ақ мемлекеттік және қалалық ақпараттық жүйелерден (Ұлттық статистика бюросының сайты, «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы», «109 қызметі», «Бірыңғай бейнемониторинг жүйесі», «Сергек», «Оңай», Метрополитен, ТЖД және т.б.) жиналады. Президенттің тапсырмасына сәйкес балалардың қауіпсіздігіне айрықша мән беріледі. Былтыр Алматыдағы барлық мемлекеттік мектеп пен балабақшаларда алғаш рет кешенді қауіпсіздік жүйелері енгізілді. Мемлекет басшысына оның цифрлық бейнебақылау камералары, дабыл түймелері, өртке қарсы қауіпсіздік жүйелері, Face ID қондырғысы бар арнайы турникеттер секілді 4 бөліктен тұратыны жөнінде баяндалды.



– Жасанды интеллект азаматтардың, атап айтқанда, Алматы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қызмет етуге тиіс. Сондықтан мен сіздердің жасанды интеллект құралдарын енгізу жоспарыңызды қолдаймын. Бұл бір. Екіншіден, қаладағы көлік жағдайына ерекше назар аудару керек. Мұны анық байқауға болады. Бұл – өте өзекті мәселе. Мұнда жасанды интеллект ерекше рөл атқаруы керек. Әрине, қауіпсіздікті назардан тыс қалдыруға болмайды. Қауіпсіздік бірінші орында тұруы керек, – деді Президент.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ахуалдық орталық #Big Data #Open Data #Сергек #Оңай #метрополитен #109 қызметі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рухани тарту: Алматыда жазушы Ильяс Юсуф мектептер мен кітапханаларға 1000-нан аса кітап сыйлады

Бүгін 10:39

Алматыда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының жаңа маусымы басталды

Бүгін 10:21

Төтеншеліктер алматылықтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті

Бүгін 09:17

Алматыда құрылыс нормаларын бұзған мердігерлер лицензиясынан айырылып жатыр

Бүгін 09:16

Алматыда Мемлекеттік рәміздер күніне арналған ауқымды Open-Air концерт өтеді

Бүгін 09:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);