AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ұлдана Мырзуанның жұбайы қоштасу хатын жазды

Ұлдана Мырзуанның жұбайы қоштасу хатын жазды

Әлеумет 19.11.2025, 10:25 570
Ұлдана Мырзуанның жұбайы қоштасу хатын жазды
инстаграм

Дәрігер Әділет Зейнел әділ сот күтетінін жазды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Астанада жаралы адамды құтқаруға ұмтылып, опат болған жас фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы жантебірентерлік жазба жариялады. Дәрігер Әділет Зейнел отбасына тілекші болған халыққа алғыс білдірді.

«Шаңырағыма сән, тіршілігіме мән болдың... Маңдайыма сыймадың ба, періштем, сен менің мәңгі жүрегімдесің», - деп жазған жарынан айырылған ол.

Дәрігер ендігі жерде тергеудің әділ өтуін қалайтынын жеткізді.

«Ешқандай медаль да, ешқандай сөз де менің жүрегімнің иесін маған қайтара алмайды. Үйіме нұр, құт және береке әкелген, Алла қосқан адал жарымның тілеуін тілеген бүкіл қазақ еліне алғысым шексіз. Осы уақытқа дейін Алладан жүрегімді аман алып қалуын сұрап, қасында болып, дұға еттім. Сабыр сақтап, бәрін сабырға салдым. Ендігі тілегім соттың әділ өтуі, тергеудің таза жүргізілуі. Құдай қосқан қосағымның жаны тыныш болуы үшін бұл істі соңына дейін жеткізуім керек. Жауаптылар жазасын алуы тиіс!», - деді ол.

Кеше Ұлдана Мырзуан ауыр жарақаттан айықпаған күйі аурухана төсегінде қайтыс болды. Марқұм «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

8 қараша күні Астанадағы Тәуелсіздік даңғылында орналасқан тұрғын үйдің кірпіш қасбеті мен кондиционері опырылып түсіп, бес адам зардап шеккен еді. Жарақат алғандар арасында жедел жәрдем қызметінің фельдшері Ұлдана Мырзуан да болған. Ол оқиға орнында зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқан кезде үстіне екінші қабаттағы кондиционер құлап кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әділет Зейнел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рыбакина Германиядағы WTA-500 турнирінің финалына шықты

Бүгін 09:36

Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

Бүгін 09:10

Алматыдағы әскери институтта мектеп оқушылары үшін Ашық есік күні өтті

Кеше 17:36

Түркияда тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық жарыс басталды

Кеше 17:17

Қазақстандық дзюдошылар ел қоржынына 5 қола салды

Кеше 16:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика