Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қостанайлықтар қашықтан оқып жатыр

Қостанайлықтар қашықтан оқып жатыр

Әлеумет 19.11.2025, 11:15 401
Қостанайлықтар қашықтан оқып жатыр
depositphotos.com

Қостанай облысында 74 сынып онлайн оқуға көшті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қостанай ауданының төрт мектебінде тұмау мен ЖРВИ-мен ауыратын оқушылар санының артуына байланысты 74 сынып қашықтан оқуға ауыстырылды.

"Сыныптар бойынша ауырған балалардың жалпы үлесі 30 пайыздан асты. Осыған байланысты оларды карантинге жіберу туралы бұйрықтар шығарылды. Қалған сыныптар дәстүрлі форматта оқып жатыр, бірақ пәндік кабинеттерге бармай, бір кабинетте ғана білім алуда. Алайда, ертеңге дейін онлайнға көшкен сыныптар мен мектептер саны артуы мүмкін", – деді Қостанай ауданы білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Айгүл Хасанова.

Әлеуметтік желілерде Қостанайдағы ата-аналар балалар арасында сырқаттану күрт артқанын айтып, оқуды онлайн форматқа көшіруді сұрап жатыр. Қалада науқастар саны артқан сайын жедел жәрдем шақырулар да көбейген – тұрғындар әдеттегіден екі есе жиі хабарласуда.

Жүктемені азайту үшін облыстық жедел жәрдем орталығында дәрігерлердің жұмысы күшейтілді. Бұрын 18 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік атқарса, қазір олардың саны 20-ға жетті, алдағы уақытта тағы екі бригада қосылмақ.

Соңғы аптада Қостанай облысында ЖРВИ-дің 5545 жағдайы тіркелген. Бұл – өткен аптамен салыстырғанда 1,3 пайызға көп. Ауырғандардың 55,1 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар (3053 жағдай). 1 жасқа дейінгі балалар арасында – 54 жағдай, жүкті әйелдер арасында – 12 жағдай тіркелген.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гонконг тұмауы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Бүгін 12:03

Алматыдағы сенбілік: көп жұмылған істе береке бар

Бүгін 11:31

Ақыл сайысы: Алматыдағы Республикалық дебаттық турнир қалай өтті

Бүгін 10:06

Қазгидромет 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Бүгін 09:01

Алматылық спортшылар әлем чемпионатын екі қола медальмен қорытындылады

Кеше 20:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика