AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Парламент отырысында интернет жылдамдығы мәселесі...

Парламент отырысында интернет жылдамдығы мәселесі сөз болды

Білім және ғылым 12.01.2022, 06:32 1,753
Парламент отырысында интернет жылдамдығы мәселесі сөз болды
Сурет:интернеттен

Онлайн оқу кезінде бұл - өте өзекті мәселе.


Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар ауыл мектептеріндегі интернет жылдамдығы мәселесін көтеріп, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің атына сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Елде орын алған жағдайға байланысты, қашықтан білім беру мәселесі тағы да өзекті. Депутаттық сауал «Бірыңғай білім берудің онлайн платформасының» жұмысына арналады. Бұл Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол картасында қарастырылған. Білім және ғылым министрлігінің ақпаратына сәйкес, бірыңғай білім беру платформасын енгізу үшін 5 негізгі білім беру ақпараттық жүйесі анықталған («Күнделік» ААЖ, «OnlineMektep» АЖ, «Mektep.edu» АЖ, «Bilimal» АЖ, «Daryn Online» АЖ). Бірыңғай білім беру онлайн-платформасы 8 мыңға жуық мектепте, 3 млн-нан астам оқушыға және 300 мың мұғалімге бір уақытта оқу процесінің қалтқысыз жұмысын қамтамасыз етуі қажет. Алайда, сапалы интернеті жоқ ауыл мектептері үшін бұл платформа қолжетімсіз», - деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.



Оның айтуынша, бүгінгі таңда 7550 мектептің 58-інде мүлде интернет қосылмаған.192 мектепте интернет жылдамдығының төмендігі сонша, қарапайым сайтты іске қосып, интерактивті сервисті жүктеу мүмкін емес.


Бұдан бөлек, атап өтетін басты мәселе, ауыл және қала мектептеріндегі интернет сапасына байланысты бастапқы жоспарлау кезеңіндегі министрліктің нормативті құжаттарында әртүрлі параметрлер белгіленген. Назар аударғымыз келетіндігі, ауыл мектептері үшін интернет жылдамдығы қала мектептеріне қарғанда бірнеше есе төмен», - деді депутат.


Осы ретте, келесі ұсыныстар енгізілді: 1) Бірыңғай білім беру онлайн-платформасына сапалы білім беру контентін интеграциялауды және әдіснамалық сүйемелдеу жұмыстары жалғастырылсын; 2) Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептер үшін интернет сапасына қойылатын талаптар қайта қарастырылсын; 3) Цифрлық даму министрлігі және байланыс операторларымен бірлесіп, жаңа бағдарламалық өнімдердің талаптарын ескере отырып, байланыс арналары мен қолда бар жабдықтардың мүмкіндіктерін бағалау қайта қарастырылсын. 4) Педагогтер мен оқушылардың білім беру ортасында цифрлық теңсіздікті төмендетуге байланысты ведомствоаралық кешенді іс-жоспар әзірленсін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#онлайн #оқу #интернет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада кітапханалар желісі кеңейіп, оқырман саны 100 мыңға жетті

Бүгін 19:01

Әскери борышын өтеген мыңнан астам сарбаз грант иегері атанды

Бүгін 18:58

Автобустағы әдеби кеш: Жолаушылар жыр оқыды

Бүгін 18:53

Қызылордалық оқушы Менделеев халықаралық олимпиадасының жеңімпазы атанды

Бүгін 18:40

Түркістанға ИСЕСКО-ның мәдени астанасы бола ма?

Бүгін 18:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика