AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Отандық сарапшылар: Президент ұсынған реформаларды...

Отандық сарапшылар: Президент ұсынған реформалардың әлеуметтік маңызы зор

Әлеумет 12.01.2022, 06:23 1,177
Отандық сарапшылар: Президент ұсынған реформалардың әлеуметтік маңызы зор
Сурет: Kazgazeta.kz

Қазақстандықтар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзін қызу талқылап жатыр


Өз кезегінде сарапшылар Мемлекет басшысы ұсынған реформалардың әлеуметтік аспектін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«Қазақстан халқын қолдау қоры» еліміздегі өткір әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді тетігі ретінде маңызы жағынан бірегей жобаға айналуы тиіс. Бұған қажеттілік бұрыннан пісіп-жетілген еді. «Ал Мемлекет басшысының шешімі уақытылы қабылданып отыр», – дейді Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков.



«Қазақстанда қаншама қор бар, бірақ бұл қор халықпен, студенттермен, әлеуметтің осал тобындағы адамдармен тікелей жұмыс істеуі керек. Емделуге де жұмсалу керек. Несін жасырайық? Кейде өте қиын жағдайлар туындайды. Халық Денсаулық сақтау министрлігіне жүгініп жатады немесе өзге мекемелерге сабылады. Ал соңында уақыт босқа кетеді. Осындай мәселелер негізінде іс-қимыл бағдарламалары белгіленеді, басқа да саяси органдар тартылады деп ойлаймын. Сонымен қатар жағдай жақсарады деп үміттенемін», - дейді  ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Рамазан Сәрпеков.



Сонымен қатар Президент әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мемлекет пен халық арасындағы тең диалог арқылы мүмкін болатынын бірнеше рет атап өткен еді. Жақында Мемлекет басшысы барлық жоғары лауазымды тұлғаларға өңірлерге жиі шығуды тапсырды. Бастаманы азаматтық сектор да қолдады.



«Қазір халықпен кері байланыс орнату қажет. Олармен тікелей кездесіп, әңгімелесіп, мемлекеттік саясатты, оның бағыт-бағдар векторын, мемлекет қай жаққа бағыт алып жатқанын қарапайым, түсінікті тілде халыққа жеткізу керек. Әлеуметтік серіктестік – бұл өте маңызды диалог алаңдарын қалыптастыру қажет әмбебап алаң», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық «Кәсіподақтар орталығы» филиалының жетекшісі Төлеген Құнаділов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сарапшылар #пікір #қолдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14

Алматыда ІІМ кинологиялық қызметінің жұмысын таныстырды

Бүгін 10:52

Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін 10:26

Солтүстік Қазақстанда құтыру ошағы анықталып, елді мекенде карантин енгізілді

Бүгін 10:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);