Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Өзбекстандағы билік транзиті: Ш.Мирзиёев билігі ұз...

Өзбекстандағы билік транзиті: Ш.Мирзиёев билігі ұзақ болмақ

Саясат 15.07.2023, 06:22 1,570
Өзбекстандағы билік транзиті: Ш.Мирзиёев билігі ұзақ болмақ
almaty-akshamy.kz

Кеше Өзбекстанда президент Мирзиёевтің ұлықтау рәсімі өтті. Шавкат Мирзиёев үшінші рет өз қызметіне кірісті. Бұл ретте оның өкілеттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға дейін, яғни 2030 жылға дейін ұлғайды.


2016 жыл Өзбекстан тарихындағы күрделі уақыт. Оған тұңғыш президент Ислам Каримовтың кенеттен қайтыс болуы себеп болды. Ендігі басшы кім болмақ, билік алмасуы елдің дамуына қалай әсер етпек деген сияқты сұрақтар көбінің көкейінде жүрді.


Посткеңестік кеңістікте, әсіресе, Орталық Азияда биліктің алмасуы күрделі процесс. Сарапшылардың көкейінде енді не болады екен деген сұрақ үнемі жүреді. Себебі, батыс демократиясы толық орнай қоймаған. Аймақ елдерінде бір ғана басшысының айналасында бүкіл халық болып, соқыр сеніммен ұйысу саяси дәстүрі қалыптасқан. Мұндай саяси мәдениет Өзбекстанда да болды.


Қалай дегенмен, күмән мен күдікке қарамастан билік транзиті бейбіт жолмен жүзеге асты. Елдің тізгінін бұрынғы премьер-министр Шавкат Мирзиёев ұстады. Осылайша 2017 жылдан бастап елдің тарихындағы жаңа саяси кезең басталды.


Ғылымда басшылардың билігін кезеңге бөлу тәжірибесі қалыптасқан. Шавкат Мирзиёевтің басшылығын үшке бөлуге болады.


Алдымен билікті нығайту, одан кейін елдің қамы


2017–2021 жылдар Ш.Мирзиёев билігінің алғашқы кезеңі. Ол билікті бейбіт жолмен қолына алды. Қоғамда азаматтық, әлеуметтік толқулар болмады. Елдің тұрақтылығына саяси элита арасындағы келісім де әсер етті. 2016 жылдың соңындағы сайлауда айқын басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша заңдық тұрғыдан легитимділікті қамтамасыз етті.




Билікке келу басқа да, оны ұстап тұру мен нығайту мүлде басқа. Сайлаудан кейін халық алдында берген уәделерді орындау қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, Мирзиёев өзінің беделін нығайтуға саяси жігерін салды. 2021 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Онда саяси, сот және құқық қорғау реформалары, экономиканы либерализациялау, елдің жағымды халықаралық имиджін қалыптастыру және өзге де бастамалар көтерілді. Әсіресе, саяси реформаларға аса мән берілді. Парламент пен саяси партиялардың рөлін арттыру, мемлекеттік басқаруды нығайту мен азаматтық қоғам институттарын дамыту көзделді.


Стратегияда елдің халықаралық имиджіне баса назар аударылды. Мирзиёевтің алдағы сыртқы саясатта жасаған қадамдары сөзімізге дәлел. Орталық Азия елдерімен қарым- қатынас жаңа деңгейге көтерілді. Жалпы, оқшаулану саясатынан арыла бастады. Бірақ мемлекеттің ашылуы экономикалық салада ғана тұрақты жүрді. Өзбекстан әлі күнге дейін саяси астары бар халықаралық ұйымдардан алшақ.


2022 жыл жаңа басшы билігінің өтпелі кезеңі деген жөн. Ол биылғы президент сайлауына дейінгі уақытты қамтиды. Алғашқы кезең Мирзиёевтің өз билігін нығайтуымен ерекшеленсе, мұнда жаңа саяси кезеңге дайындық басым. Ең алдымен, жаңа стратегия қабылданды. Енді Жаңа Өзбекстанды құру көзделді. Мұнда Өзбекстан көршілері Қазақстан мен Ре сейдің саяси реформаларының тәжірибе сін пайдаланды.


Алғашқы саяси қадам конституцияға өзгерістер енгізуден басталды. Биыл 30 сәуірде бүкілхалықтық референдум ұйымдастырылды. Референдумда президенттік мерзімін 5 жылдан 7 жылға ұзарту ұсынылды. Сондай-ақ, Шавкат Мирзиёев тағы да 2 рет президент бола алады деген толықтыру енгізілді. Өзгерістер енгізілген Жаңа Конституция 1 мамырда күшіне енді. Ал 9 шілдеде сайлау өтіп Ш.Мирзиёев қайтадан сайланды. Енді ол 2037 жылға дейін билік етуге құқылы. Осылай ол өз билігін жаңартты.


Жаңа Өзбекстан құрылады


Алғашқы екі кезеңде билік транзиті толық аяқталды. Ендігі мақсат Жаңа Өзбекстанды құру. Соған орай 2022 жылы стратегия қабылданды. Стратегия 100 кішкентай мақсаттардан тұрады. Бір қызығы, стратегияны жасауда Қазақстанның тәжірибесін қолданған сияқты.


Екі стратегияны салыстыратын болсақ, ұқсастығымен бірге айырмашылығы да шығады. Басты өзгешелік мазмұнында. Біздің 100 нақты қадамда мемлекеттік аппаратты реформалау, заң үстемдігін орнатуға баса назар аударса, Өзбекстанның стратегиясында азаматтық қоғам институттарын дамытуға мән беріп отыр. Әсіресе, жергілікті өзін-өзі басқару институтын нығайтуды атап өткен жөн. Демек, жаңа президент махалляларға басымдық беруде.


Одан басқа жерггілікті өзін-өзі басқарудың маңызды институты халық депутаттары кеңесінің жұмысын қолға алуда. Олардың беделін арттырып, жергілікті әкімдіктерге (хоким) ықпалын арттыруды мақсат етіп отыр.


Жаңа басшының құлашын кең ашқанына қарағанда, келесі мерзімге сайлануға мүдделі. Оған заң да мүмкіндік береді. Алайда, алға қойылған мақсатқа жетуде біршама кедергілер болуы мүмкін. Ең басты кедергі бір басшының айналасында бүкіл халық болып, соқыр сеніммен ұйысу саяси дәстүрі. Ол президент институтын күшейтіп, өзге саяси институттардың дамуын тежейді.




«Аlmaty-akshamу», №84, 15 шілде, 2023 жыл

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өзбекстан #мирзиёев #Билік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика