ffin.kz

Отандық ғалымдар елімізде суперасфальт технологиясын енгізуге кірісті

Отандық ғалымдар елімізде суперасфальт технологиясын енгізуге кірісті Cурет: : Kazinform

Бұл істі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары қолға алды. 


Еуразия ұлттық университеті Инновацияларды дамыту департаментінің директоры Әсел Жексембаеваның айтуынша, отандық ғалымдардың осы еңбегі Қазақстан аумағындағы жол сапасын жақсартады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл озық технология асфальтбетонды жобалауда климаттық факторларды, көлік жүктемесін, қозғалыс қарқынымен қатар шикізат сапасына әсер етеді. Есесіне, жол жабыны берік болады. 



«Отандық ғалымдарды біріктіре отырып, автокөлік жолдарының сапасын жақсартуға арналған Superpave технологиясын енгізуде ғылыми зерттеуге кіріскен едік. Шетелде осы инновациялық технология қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Сондықтан елімізде аталған технология аясында битум имулсиясын жетілдіріп жатырмыз. Еліміздің климаттық ерекшеліктерін ескеріп, сапалы өнімді даярлауға екпін қойып отырмыз. Қазақстан ғалымдарымен қатар, шетел мамандары да зерттеуге қатысып жатыр. Олардың арасында Жапония, Польша, Англия ғалымдары бар», - деді Ә. Жексембаева. 



Елдегі құрылыс, жол-құрылыс секторының аккредиттелген қызметтерін көрсететін құрылыс-техникалық инжиниринг орталығы Еуразия ұлттық университетінің базасында құрылған. Мұнда Superpave үшін экологиялық жағынан тиімді технологиялар әзірленеді.


Университет ғалымдары инновациялық асфальтбетонды өндіріске енгізер алдында, оның сапасын заман талабына сай құралдардың көмегімен бақылайды. Мәселен, асфальт жолдың үстінен көліктер бірнеше жыл қаптап жүрсе, оның сапаға қалай әсер ететіні анықталады. Сол секілді, жаңбыр мен қарға, климаттық өзгерістермен қоса басқа да қолайсыз жағдайларға төзімділігі сыналады. Superpave технологиясының артықшылығы сол, мұнда климаттық жағдайлармен қатар, аймақтың басқа да ерекшеліктері ескеріледі. Яғни, битум қоспасы аймақтың артықшылықтарына сүйене отырып жасалады.


Ғалымның сөзіне қарағанда, бірегей құрылғылардың көмегімен асфальттың тозу үдерісі имитацияланатын сынақтар да жүргізіледі. Университет зертханасында сәтті жүзеге асып жатқан Superpave технологиясының тағы бір ерекшелігі – кез келген жол учаскесінің үлгісін айнытпай жасауға болады. Егер зертханадағы сынақта материалдың сапасы жақсы нәтиже көрсетсе, өндірісте де сол нәтиже қайталады.


Бүгінде университет базасында Еуропа мен Азия ғалымдарының ынтымақтастығын арттыратын алаң құрылған. Бұл – суперасфальт технологиясында табысты тәжірибелерді ескеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте, отандық ғалымдар шетелдік стандарттарды елдегі барлық өңірдің климаттық ерекшеліктеріне бейімдеуге баса назар аударып отырғанын атап өткен жөн.



«Ғалымдар супер асфальт технологиясының отандық стандарттарын әзірлеу барысында мүмкіндігінше жергілікті өндірушілердің өнімдерін пайдалануға басымдық беріп отыр. Университет ғалымдары асфальтқа арналған арнайы қоспаларды әзірлеп қойған. Тек сол қоспаны өндіріске енгізу үшін жаңа жабдықта сынақтан өткізіп жатыр», - деді Әсел Жексембаева.



Бұл жоба ел экономикасының қарыштауына ықпал етіп қана қоймай, елдің құрылыстағы инновациялық шешімдерге дайындығын айқындайды. Сондай-ақ инновациялық жол және құрылыс материалдарын әзірлеуде жасыл технологияларды пайдалану арқылы тұрақты дамуға жол ашады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32