Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Өнер академиясы студенттерінің үздік жұмыстары кө...

Өнер академиясы студенттерінің үздік жұмыстары көрмеге қойылды

Мәдени Алматы 11.10.2024, 18:40 1,364
 Өнер академиясы студенттерінің үздік жұмыстары көрмеге қойылды
Сурет: Самат Құсайынов

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы Республика күні қарсаңында Ә.Кастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде «Тұлғалардың ізімен» деп аталатын көрме ашты.

Экспозицияда академияның «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті студенттерінің үздік дипломдық, оқу және шығармашылық жұмыстары бар. 

Аталмыш өнер академиясы – өнердің түрлі салаларында мамандар даярлайтын Орталық Азия мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінгі күні оқу ордасы республика суретшілері үшін беделді мектеп ретінде танымал. Өткенге сәл шегініс жасап кетер болсақ, бейнелеу өнері факультетін қалыптастырудың бастауында еліміздің ұлттық көркем кескіндеме, мүсін және графика мектебінің негізін қалаған Қ.Тельжанов, М.Кенбаев, Х.Наурызбаев, К.Шаяхметов, Е.Сергебаев, Д.Сулеев, Б.Түлкиев, Д.Шоқпаров сияқты көрнекті суретшілер тұрды.

— Көрмеде 50-ден астам шығарма ұсынылып отыр. Олардың көпшілігі түлектердің дипломдық жұмыстарынан тұрады, сонымен қатар әртүрлі курс студенттерінің оқу жұмыстары кіреді. Өнерсүйер көрерменге монументалды және станоктық графика, кескіндеме, баспа графикасы, сәндік-қолданбалы өнердің әр түрлері: гобелен, батик, ши, кескіндеме, сондай-ақ зергерлік өнер сияқты бейнелеу өнерінің түрлері ұсынылды, — деді Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев.

Экспозицияда ежелгі қазақ мифологиясынан, халық ертегілері мен аңыздарынан, сондай-ақ дала халықтарының тарихынан алынған бейнелерге байланысты бірқатар туынды жарқырап тұр. Ә.Омарқұлдың «Бабалар сөзі», С.Мұхтарқызының «Жезтырнақ» сияқты шығармаларында суретшілер халық ауыз шығармашылығының мұрасына назар аудара отырып, өткеннің бейнелерін қазіргі заманның интепретациясында бейнелейді. Бұл жұмыстарға қазіргі күні танымал жапон анимациясы әсер етті, ол өзінің жарқын визуалды және кинематографиялық әсерлерімен ерекшеленеді. Ал М.Жигаленоктың «Шеберхана» композициясы оқу үрдісінің бір сәтін бейнелейді.

Егеменді елімізді көркейтіп, безендіруде қосқан үлесінің бастауын осы бейнелеу өнері мектебінің туындылары айқындамақ. Бұл көрме кескіндеме, мүсін және дизайн факультетінің әр жылдардағы қызметі туралы есеп берудің бір түрі. Факультет деканы Бауыржан Байділданың оқу үрдісін жетілдіруде, бейнелеу өнері саласына жас мамандарды даярлау әдістемесін әзірлеуде қосқан үлесі зор дейді көрмені ұйымдастырушылар.  

— Мен бүгінгі көрме үшін, замандастарымның үздік жұмыстары үшін қуаныштымын. Барлық картинадан ұлттық болмысымыз менмұндалап тұр. Жастар қазақы құндылықтарымызды заманауи жаңаша көзқараспен, ашық бояулармен жеткізе білген. Аталарым молда болған кісілер, сондықтан да табиғатыма қазақы құндылықтар жақын. Портрет жанрында талаптанып, осы бағытта жұмыс істеп жүрмін. Кейбір жандардың жақсы адам екені жүзінен көрініп тұрады ғой, портреттерімде олардың сол жақсы қасиеттері еш боямасыз, көрермен жүрегіне бірден жол тауып, көрініп тұрса екен деймін. Әзірге ұстаздардан үйренеріміз көп. Ал жүрегі өнерге жақын сезімтал замандастарыма сәттілік тілеймін, — дейді көрме мейманы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің ІІ курс студенті Тоғжан Елеусіз.

«Тұлғалардың ізімен» көрмесі осы айдың соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тұлғалар ізімен #Көрме #үздік жұмыстар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Паралимпиада қатысушылары Алматыдағы матчтің құрметті меймандары болды

Бүгін 21:54

Алматының коммуналдық қызметтері «Қайрат – Астана» матчінде тазалықты қамтамасыз етті

Бүгін 21:22

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика