Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорға...

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

Әлеумет 08.12.2025, 09:46 339
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді
Сурет: Gov.kz

Елімізде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, білім беру, отбасы және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң негізінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған маңызды өзгерістер қабылданды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Бұған дейін 2024 жылы балалардың құқықтарын қорғау саласында алты маңызды заң қабылданып, балаларға қатысты кез келген зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтуге, балалар саудасының алдын алуға бағытталған құқықтық тетіктерді заңнамалық деңгейде бекітті. Жаңа заңнның қабылдануы балаларды құқықтық қорғауды қамтамасыз ету шараларының жүйелі жалғасы болды.

Енді жетім және ата-анысының қарауынсыз қалған балаларды асырап алу немесе қамқоршылыққа беру кезінде олардың туған-туыстарына басымдық беріледі. Егер жақын туыстары табылмаса, бала заңды некеде тұрған отбасына орналастырылады. Сонымен бірге бала асыраушы отбасында болған кезеңде оның заңды өкілінің сотқа тартылуы немесе психоневрологиялық немесе наркологиялық диспансерде есепке алынуы қамқоршылық міндетінен дереу шеттетуге негіз болады. Бұл норма баланың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Сонымен қатар үстінен қылмыстық қудалау жүргізіліп жатқан азаматтарға бала асырап алуға, қамқоршылық жасауға немесе патронаттық тәрбиеге қатысуға тыйым салынады.

Бұдан бөлек, қамқоршылар, қорғаншылар, патронат тәрбиешілер және асырап алушылар енді жыл сайын денсаулығы, табыс көзі, тұрмыстық жағдайы және соттылығының жоқ екені туралы мәліметтерді тапсырып, өздерінің сенімділігін растауы тиіс.

Жаңа нормалар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау жүйесін күшейтіп, оларды отбасында тәрбиелеу жағдайларын тұрақты бақылаудың тиімділігін арттыруға, ықтимал қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар #қорғау тетігі #күшейту
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

6 жылда 911 шақырым жаңа теміржол салынды

Бүгін 12:34

Конституциялық Сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізу мәселесін қарады

Бүгін 12:17

Қазақстан азаматтарына баруға болмайтын 14 елдің тізімі шықты

Бүгін 12:03

Еліміздің барлық сауда орындарында 10-70 пайыз аралығында жеңілдіктер жүреді

Бүгін 11:44

Донорлыққа келісім бергендердің саны көбейді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика