AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі «Медеу» биік таулы спорт кешеніндегі...

Алматы әкімі «Медеу» биік таулы спорт кешеніндегі жаңарту жұмыстарымен танысты

Барлығы 08.12.2025, 10:13 416
Алматы әкімі «Медеу» биік таулы спорт кешеніндегі жаңарту жұмыстарымен танысты
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Медеу» биік таулы спорт кешеніне барып, жүргізіліп жатқан жаңарту жұмыстарымен танысты.

Қала басшысы жаңғырту кезінде Алматының спорттық және мәдени мұрасының бір бөлігі саналатын аңызға айналған мұз айдыны кешенінің тарихи келбеті толық сақталатынын атап өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz

Жоба аясында халықаралық стандартқа сай заманауи әрі энергия үнемдейтін кеңістік құру жоспарланған. Бұл үшін жаңа тоңазытқыш жабдығын орнату және инженерлік коммуникацияны толық ауыстыру көзделген.

Шығыс қанаттағы қонақ үй жаңартылып, батыс трибунада кофеханалар мен демалыс аймағы орналасқан терраса жасалады. Кешен алдында жерасты паркингінің үстінде «SUN-DECK» аталатын көпфункционалды қоғамдық кеңістік форматындағы демалыс аймағы пайда болады.

Іргелес аумақты көркейтуге ерекше көңіл бөлінген: жүргіншілер аймағы, шолу алаңдары және панорамалық нүктелер жасалады. Сонымен бірге көгалдандыру, заманауи және сәулеттік жарық беру орнатылады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін екі жеделсаты қарастырылған.

«Медеу» биік таулы спорт кешенін жаңарту жұмыстарын 2027 жылы төртінші тоқсанда аяқтау жоспарланып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Медеу #спорт кешені
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04

Ақмола облысында бұрынғы сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Бүгін 10:30

Блогер Руслан Жанпейісов 4 тәулікке қамауға алынды

Бүгін 09:41

Көлсайда тұрақта тұрған автокөлік өздігінен орнынан қозғалып, еңіске сырғып кеткен

Бүгін 09:22

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Кеше 18:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика