AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ұлағатты ұстаз Күләш Құнантайқызының құрм...

Алматыда ұлағатты ұстаз Күләш Құнантайқызының құрметіне оқу ғимараты берілді

Әлеумет 11.10.2024, 18:11 1,003
Алматыда ұлағатты ұстаз Күләш Құнантайқызының құрметіне оқу ғимараты берілді
Сурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеттің баспасөз қызметі

11 қазан күні Алматыда отандық педагогика ғылымының дамуына сүбелі үлес қосқан көрнекті ғалым, ұлағатты ұстаз Күләш Құантайқызының құрметіне оқу ғимараты беріліп, дәрісхананың ашылу салтанаты өтті.

 Бұл туралы схабарлады.

Күләш Құнантаева – Қазақстан әйелдерінің ішінен шыққан тұңғыш педагогика ғылымдарының докторы, академик. Іс-шарада профессордың құрметіне оқу ғимараты беріліп,  «Қазақстандағы білім саласында әйелдердің рөлі» тақырыбында конференция өткізілді. Конференция аясында ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі жөнінде баяндама жасалды.

«Күләш Құнантайқызы – менің ғылыми жетекшім. Ұзақ уақыт бойы жанында жүріп, біліммен сусындадым. Елге белгілі тұлғаның қасында  жүріп, ғылымның қыр-сырын меңгеру – мен үшін үлкен дәреже. Ұстазымның адами болмысына тәнтімін. Бізді тек маман ретінде ғана емес, тұлға ретінде қалыптасуымызға да өзінің үлкен  үлесін тигізді. Күләш Құнантайқызы салған ізбен мен де бүгін шәкірт тәрбиелеудемін. Күләш Құнантаева – менің ғылымдағы анам. Жеткен жетістіктерім ұстазымның еңбегінің жемісі деп білемін. Еңбегін елеп, есімін ұлықтап жатқан Университет басшылығына айтар алғысым шексіз», – деді педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры Сейітқазы Перизат Байтешқызы.

Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының және ҚР Педагогика ғылым академиясының құрметті академигінің жетістіктері, фотосуреттері, құжаттары мен ғылыми жұмыстары ұсынылатын көрме ұйымдастырылды. Университет ректоры Гүлмира Қанай Күләш Құнантайқызының қазақ әйелдерінің жоғары білім алуы жолында сіңірген еңбегі зор екенін атап өтті.

«Күләш Құнантайқызының қазақ әйелдерінің жоғары білім алуы жолында сіңірген еңбегі зор. Ол кісінің тікелей ықпалымен әйелдер білімінің дамуы және Қазақстанда білім беруді дамыту туралы 400-ден аса ғылыми еңбегі жарық көрді. Оның ішіндегі оқу құралдары мен оқулықтар және монографиялар бар. Күләш Құнантаеваның жетекшілігімен ғылым кандидаттары мен докторлар дайындалды. Қазіргі күнде де «Құнантаеваның ғылыми мектебі» сабақтастығы сақталған», – деді ректор.

Шара соңында жекеменшік медициналық орталық атынан 4 студентке 3 миллион теңге көлемінде Күләш Құнантайқызы атындағы грант берілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күләш Құнантайқызы #Педагогика #көрнекті ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Бүгін 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Бүгін 20:31

Мемлекет басшысы: «Жер шарын қорғау – ортақ міндетіміз. Бүгінгі саммит бізге осыны көрсетеді»

Бүгін 18:16

Алматыда ушу-саньдадан Қазақстан чемпионаты басталды

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика