AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Өлгендер қайтып келмейді»

«Өлгендер қайтып келмейді»

Мәдениет 30.05.2024, 08:05 1,353 dulatbekova
«Өлгендер қайтып келмейді»
Сурет: ҚР Ұлттық кітапханасы

Қазақ әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы түрік тіліне аударылды.

 Балалар әдебиеті ақсақалының қаламынан шыққан романның түрікше нұсқасы 2000 данамен басылыпты. Тұсаукесері Алматыдағы ұлттық кітапханада өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Романды түрік жазушысы Хусейн Варол аударған. «Өлгендер қайтып келмейді» – жастық шағы соғыстың ауыртпалығымен қатар келген адамдардың өмірі туралы шығарма. Жиынға ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы, қазақ әдебиетінің өкілдері қатысты. Биыл Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толады. Қаламгердің «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «16 жасар чемпион» сынды шығармалары да оқырманға етене таныс. Жазушының еңбектері бүгінге дейін әлемнің 68 тіліне аударылған. Ал түрік жазушысы аудармаға 2 жыл уақытын жұмсапты.  

Хусейн Варол, жазушы:

«Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қарт сәлем береді». Бұл – қазақта сәлемнің маңыздылығын, дәстүрін көрсететін сөз. Түріктерде де сәлемдесудің мағынасы терең. Осы сынды мақал-мәтелдерді, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне байланысты сөздерді аудару қиын болды. 

Ұлықбек Есдәулет, ТҮРКСОЙ жазушылар одағының төрағасы:

24 қазанда биыл туған жері Алматы облысының мынау Райымбек ауданында, Нарынқолда кәдімгі халықаралық деңгейдегі ЮНЕСКО-ның, ТҮРКСОЙ-дың деңгейіндегі мерейтой шаралары өткізіледі. Жалпы Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойы Түркияда басталған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өлгендер қайтып келмейді #Б.Соқпақбаев #түрікше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Кеше 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Кеше 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Кеше 15:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);