"Басшылық бір жылда 14 рет премия алған" - депутат дабыл қақты

  • 17:15, 24 желтоқсан 2025
"Басшылық бір жылда 14 рет премия алған" - депутат дабыл қақты видеодан алынды

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бірінің басшылығы бір жылда 14 сыйақы жалақы алғанын айтты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Ақжайықтың" ӘКК басшылығы бір жылда 14 премиалдық оклад алды. Әрине, бұл Жоғары аудиторлық палата анықтаған жерге қатысты махинациялар бойынша "ерекше нәтижелер" үшін төленген сыйақы шығар", – деді депутат.

Оның айтуынша, соңғы бес жылда ӘКК-ларға 528 млрд теңге бөлінгенімен, тексерілген 13 корпорацияның 8-і 209 млрд теңге шығынға батқан.

"Нақты қанша жұмыс орны ашылды, халық қандай пайда көрді – бұған нақты жауап жоқ", – деді Бейсенбаев.

Мәжілісте сөз алған Әлихан Смайылов та ӘКК-лардың нақты мақсаты мен даму моделі жоқ екенін айтып, мемлекеттік қолдауға қарамастан, олардың көпшілігі әлі де шығынмен жұмыс істеп отырғанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
1
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:41

17:20

17:09

16:50

16:38

16:27

16:12

16:01

15:46

15:33

15:20

15:08

15:03

14:53

14:32

14:23

14:09

12:35

12:30

12:16

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01