AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Әбиба Әбужақынова әлемдегі үздік дзюдошы атанды

Әбиба Әбужақынова әлемдегі үздік дзюдошы атанды

Спорт 24.12.2025, 17:38 421
 Әбиба Әбужақынова әлемдегі үздік дзюдошы атанды
ҰОК

Әлем чемпионатының дзюдодан күміс жүлдегері, қазақстандық Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2025 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік рейтингте бірінші орынға шықты, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

28 жастағы дзюдошы Жапониядағы Grand Slam сериясының соңғы кезеңіне қатыспағанымен, бұл оның әлемдік рейтингте көшбасшы болып қалуына кедергі болған жоқ.

Бұл салмақта екінші орында - Олимпиаданың қола жүлдегері, швециялық Тара Бабулфат, ал үшінші орында - ресейлік Сабина Гялязова.

"Жыл аяғында қазақстандық спортшының қоржынында 5096 ұпай бар. Ол 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орында тұр. Бұл ретте біздің дзюдошылардың ешқайсысы топ-10 қатарына кіре алмады. Оған ең жақын болғандар - 66 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен 81 келіге дейінгі салмақта Абылайхан Жұбаназар, олар 14-орында орналасқан", - деп нақтылады ҰОК баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 2025 жылы Әбиба Әбужақынованың еншісінде Аустриядағы Гран-при кезеңіндегі жеңіс, Grand Slam турнирлерінің екі қола жүлдесі және әлем чемпионатының күміс медалі бар.

Өткен маусымда қазақстандық спортшы Париж Олимпиадасына қатысқанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбиба Әбужақынова #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика