AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ҚазБСҚА ректоры Алматының 2040 жылға дейінгі Бас ж...

ҚазБСҚА ректоры Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында көзделген полицентрлі дамуды қолдады

Барлығы 24.12.2025, 16:24 374
ҚазБСҚА ректоры Алматының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарында көзделген полицентрлі дамуды қолдады
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын нақтылау жөніндегі қоғамдық тыңдаулар жалғасуда. Жаңа Бас жоспарға қатысты сараптамалық пікірін Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының ректоры Бахтияр Сабденалиев білдіріп, қаланы полицентрлі дамыту, жұмыс орындарын орталықтан тыс аймақтарға көшіру, сондай-ақ көлік пен экологиялық жүктемені кешенді түрде шешудің маңызын атап өтті.

Ректордың айтуынша, академиялық және ғылыми орта ұсынылып отырған өзгерістерді мұқият талдауда, өйткені бұл құжат Алматының ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды.

"Сәулет және құрылыс саласына маман даярлайтын ғылыми-білім беру қауымдастығы ретінде демографиялық өсім мен мегаполистерге тән өзекті мәселелерді ескере отырып, жаңа Бас жоспардың қалай жүзеге асырылатыны біз үшін аса маңызды. Бұл факторлардың барлығы қала орталығына шамадан тыс жүктеме түсіруде", – деді Бахтияр Сабденалиев.

Оның пікірінше, Бас жоспарға енгізілген басты стратегиялық шешімдердің бірі – қаланың полицентрлі даму моделін қалыптастыру.

"Демографиялық өсімді ескере отырып, полицентрлі дамуға басымдық берілуі – құптарлық бағыт. Құжатта экологиялық мәселелер, көлік-логистикалық хабты дамыту, сондай-ақ бүгінгі таңда көлік ағындарын орталыққа шоғырландырып отырған қаланың батыс және шығыс қақпаларын дамыту тетіктері қарастырылған", – деді ректор.

Сонымен қатар ол тау бөктеріндегі аумақтарда құрылыс жүргізуге шектеу қою мен қаланың жасыл инфрақұрылымын нығайту бастамаларын жоғары бағалады.

"Тау бөктеріндегі аймақтарда құрылыс салуға тыйым салу – стратегиялық тұрғыдан дұрыс әрі уақытылы қабылданған шешім. 2040 жылға дейінгі Бас жоспарда қаланың жасыл қаңқасын дамыту көзделген, бұл қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруда ерекше маңызға ие", – деп атап өтті ол.

Бахтияр Сабденалиев полицентрлі даму нақты мазмұнмен, яғни жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі тиіс екенін айтты.

"Полицентр атауын беру жеткіліксіз. Ол аумақтарда адамдар тұрып, еңбек етіп, әлеуметтік қызметтер мен инфрақұрылымды толық пайдалана алғанда ғана бұл модель тиімді жұмыс істейді. Сондықтан басты міндет – жаңа экономикалық белсенді аймақтарда жұмыс орындарын қалыптастыру. Әлемдік тәжірибе осыны дәлелдейді", – деді ректор.

Оның айтуынша, бұл үдерісте қоғамдық көлік жүйесін дамыту шешуші рөл атқарады.

"BRT, LRT, метро және арнайы жолақтар азаматтардың жұмыс орнына 15-30 минут ішінде жетуіне мүмкіндік беруге тиіс. Мұндай тәжірибе Лондон, Нью-Йорк сынды ірі мегаполистерде кеңінен қолданылады. Қала өмірін тек орталыққа сүйене отырып ұйымдастыру мүмкін емес, бұл – бүгінгі таңда баламасы жоқ қажеттілік", – деп түйіндеді Бахтияр Сабденалиев.

Қоғамдық тыңдаулар нәтижесінде тұрғындар мен сарапшылар тарапынан айтылған ұсыныстар Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын жетілдіру барысында ескеріледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #бас жоспары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «WorldSkills Almaty – 2026» ауқымды кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

Бүгін 18:14

Дархан Сатыбалды Айнабұлақтағы көріктендіру жұмыстарын тексерді

Бүгін 15:15

Нұрлан Байбазаров Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

Бүгін 14:14

Ерболат Досаев Президентінің Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды

Бүгін 14:11

Серік Сәпиев тағы бір лауазымға ие болды

Бүгін 13:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика