AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты дау: қызметші жұ...

Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты дау: қызметші жұмыстан босатылды

Оқиға 24.12.2025, 17:14 736 Сұлу
Шымбұлақтағы қазақ тіліне қатысты дау: қызметші жұмыстан босатылды
Видео кадры

Желіде қызметкері қазақ тілінде сөйлеуден бас тартқан Шымбұлақтағы тау-шаңғы курортындағы Gusto мейрамханасына қатысты дау туып, оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Желіде тараған кадрларда мекеме қызметкері қазақша қызмет көрсетуді өтінген азаматқа дөрекі жауап бергені байқалады. Автордың сөзінше, ол тек мейрамханада қазақ тілінде қызмет көрсететін адам бар-жоғын сұраған, алайда Елена есімді қызметкер жанжал шығарып, ер адамды мекемеден күштеп шығаруға тырысқан. Жазба авторы оқиғаға қатысты бейне және куәгерлер барын айтып, мұндай жағдайдың туристік аймақта елдің имиджіне әсер ететінін жеткізді.

Көп ұзамай қызметкер де өз пікірін білдіріп, ер адам күш қолданғанын және өзін қорқытқанын мәлімдеді. Ол қазақ тілін аздап түсінетінін, тіпті жақын досы қазақ ұлтынан екенін де атап өтті.

Оқиға мейрамхананың беделіне әсер етіп, 2GIS парақшасында қазақ тілінде қызмет көрсетілмейтіні туралы шағымдар мен қызметкерді жұмыстан шығаруды талап еткен мыңдаған пікір қалдырылғаны жазылды.

Ал мейрамхана әкімшілігі бұл жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасап, 21 желтоқсанда ішкі тексеріс аяқталғанын мәлімдеді. 

"Тексеру нәтижесі бойынша сервис стандарттары мен корпоратив коммуникация талаптарына сәйкес мейрамхана әкімшісінің қызметін тоқтату туралы басқарушылық шешім қабылданды. Бұл шешім - тек ішкі шара және оқиғаға қатысқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беруді көздемейді. Оқиғаға байланысты одан әрі қарау заңнамада белгіленген тәртіппен тараптардың өзара қатысуымен жүзеге асырылып жатыр. Gusto мейрамханасы қонақтармен әрдайым сыйластық пен әдепті қарым-қатынас қағидаттарын ұстанады. Қандай жағдай болмасын, дөрекі немесе орынсыз сөйлеу тәсіліне жол берілмейді және бұл біздің сервис стандарттарымызға қайшы келеді. Осыған байланысты біз ішкі регламенттерді күшейтіп, қызметкерлермен қосымша жұмыс жүргізуді қолға алдық. Болған жағдайдың қоғамда теріс пікір тудырғанына өкініш білдіреміз және көрсеткен түсіністік пен кері байланыс үшін қонақтарымызға алғыс айтамыз", - делінген жазбада. 

Сонымен қатар, Gusto мемлекеттік тілді құрметтейтінін және қонақтарға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қызмет көрсететінін мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #шымбұлақ #тіл #Дау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:35

Тағдырын арқанға байлаған құрылыстағы альпинистер...

Кеше 20:36

Миллиондаған көрермен Алматыны Travel XP эфирінен көреді

Кеше 17:28

2026 жылғы 11-20 маусым аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Кеше 16:46

Алматылық семсерлесушілер Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Кеше 16:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);