конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Интернет арқылы табыс таппақ болған жігіт сотталуы...

Интернет арқылы табыс таппақ болған жігіт сотталуы мүмкін

Заң мен тəртіп 25.12.2025, 10:41 893
Интернет арқылы табыс таппақ болған жігіт сотталуы мүмкін
Сурет: Polisia.kz

Семейде 19 жастағы тұрғыны алаяқтық схемаға тартылған. Қазір полиция оның өз шотын қылмыстық мақсатта пайдаланылғанын білген-білмегенін анықтап жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz Абай облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылғы 15 желтоқсанда Семей қалалық полиция бөліміне Астанадан банк шотын танымайтын адамдарға бергені үшін материал жолданған. Зардап шегуші – елорда тұрғынына келтірілген жалпы шығын көлемі 9 млн теңге болған.

Тергеу барысында алаяқтық жолмен жымқырылған қаражат үшінші тұлғаның есепшотына аударылғаны анықталған. Оның ішінде 400 мың теңге Семейдің 19 жастағы тұрғынының атына рәсімделген шотқа түскен.

Жігіттің айтуынша, қазанда оған интернет арқылы табыс табу ұсынылған. Онлайн-платформаға тіркеліп, мессенджер арқылы байланысқан белгісіз адамдар «жұмыс» ретінде оның жеке деректерін сұраған. Нәтижесінде, олар жігіттің есепшотын қылмыстық жолмен алынған ақшаны қабылдау үшін пайдаланған.

Қазір полиция жігіттің алаяқтық схемаға әдейі қатысқан-қатыспағанын анықтап жатыр. Абай облыстық полиция департаменті банк картасын, шот деректерін, қосымшаларға қолжетімділікті немесе жеке мәліметтерді бөгде адамдарға беру – заңсыз әрекет екенін ескертті. Мұндай тұлғалар алаяқтардың ақшасын өткізуші дроппер ретінде танылып, заң алдында жауапкершілікке тартылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ШҚО #сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық арнада сараптамалық жобалар көбейді

Бүгін 17:02

Алматының орталығындағы супермаркетке салынған қосымша құрылыс сот шешімімен бұзылды

Бүгін 16:49

Алматы қаласы елімізде шай өндіруден көш бастап тұр

Бүгін 16:23

Азаматтардың басым бөлігі алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін білдірді

Бүгін 16:19

Алматыда көпқабатты үйлердің тұрғындары коммуналдық ақылы автотұрақтарды тегін пайдалана алады

Бүгін 16:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);