ffin.kz

Медициналық сақтандыру қоры басшысы алматылық дәрігерлерімен кездесті

Медициналық сақтандыру қоры басшысы алматылық дәрігерлерімен кездесті Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

МСҚ Басқарма төрағасы Сәбит Ахметов Алматы қаласына жұмыс сапары барысында жергілікті медицина қауымдастығымен жиын өткізді.


Онда сызықтық шкаланы қолдану, медициналық қызметтердің кейбір түрлеріне тарифтің төмендігі сынды өзекті мәселелер талқыланды,деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.  


Көптеген медициналық ұйымды қаржыландыру мәселесі алаңдатады. Медициналық көмек көлемі өткен жылдардағы тұтыну көлеміне сәйкес жоспарланады. Сондықтан пандемия кезінде ковидтік стационар ретінде жұмыс істеген кейбір ауруханаларда негізгі профильдер бойынша ем алғандар саны төмен болғандықтан қаржы көлемі де соған сай бөлінген. Ал Қор басшысы қаржы кереует санына емес, бөлінген бюджет пен көрсетілген медициналық қызмет көлеміне жасалған анализ негізінде бөлінетінін атап өтті. Сондықтан Өңірлік комиссия басқаша шешім қабылдай алмайды, деп түсіндірді ол.



Сәбит Ахметов медициналық ұйымдардың тәжірибесін зерделей келе,  уәкілетті органдарды құлақтандыру арқылы шешуге болатын бірнеше мәселені түртіп алды. Олардың ішінде полижарақат және жалпы медициналық қызметтің негізгі түрлеріне төленетін тарифтерді көтеру, стационарларда емдеу барысында жұмсалатын нақты шығындарды қосу, кредиторлық берешекті төмендету үшін шығыстарды оңтайландыру жолдарын қарастыру сынды мәселелер бар. Ол міндеттер арасында медициналық көмектің жекелеген түрлерін қаржыландыру мәселесіне анализ жасау қажеттігін атап өтті.



«Әр өңірдің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірақ қордаланған мәселелер барлық жерде бірдей. Ең басты мәселе – медициналық көмектің кейбір түрлері мен профильдері бойынша төленетін тарифтің төмендігі. Жедел жәрдем станцияларына белгіленген тариф олардың шығындарын жабуға мүмкіндік бермейді. Екінші мәселе – стационарлардағыдай сызықтық шкаланы қолдануды бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарға, атап айтқанда консультативтік-диагностикалық қызметтерге енгізу. Бұрын көлемдер келісімшарт қосымшасына сай ай сайын бөлінетін, бірақ біз жылдық көлемді бақылап келдік. Енді жоспардың ай сайын сақталып отырғанын көріп отырмыз, артық тұтынылған қызметтерді кесіп тастаймыз. Үшінші мәселе – медицина ұйымдарының кредиторлық берешегі. Берешектің туындауының бірнеше себебі бар. Үкіметтің №1193 Қаулысы шеңберінде жыл сайын жалақы өседі. Салкдарынан шығынның 80%-ға жуығы еңбекақыға жұмсалып, қаржы тапшылығына әкеп соқтыруда. Дәрі-дәрмек, шығын материалдары мен коммуналдық қызмет бағасының өсуі де қосымша болып отыр. Жасыратыны жоқ, бюджетті тиімсіз пайдалану салдарынан кредиторлық берешек пайда болған жағдайлар да жоқ емес. Мысалы, бірнеше айға дәрі-дәрмек қорын алатын кезде МӘМС ақшасы есебінен миллиард теңгеге күрделі техника сатып алып, штатты орынсыз кеңейту фактілері де орын алған», – деп сөзін түйіндеді Сәбит Ахметов.




Қор төрағасы алдағы жоспарларды да ортаға салды. Бұрын медицина қызметкерлері ақпараттық жүйелерге қызмет дұрыс енгізілмеген жағдайда туындайтын түрлі қиындықтарды айтып шағымданатын. Мысалы, балалар арасындағы тұрақты профилактикалық тексерулерді алайық. Тексеру нәтижесі ақпараттық жүйеде баланың туған күніне қарай енгізіледі, яғни бала белгілі бір жасқа толмайынша тексеру қорытындысын енгізу мүмкін емес. Нәтижесінде медиктер бұл ақпаратты 4-5 айдан соң салуы мүмкін. Ал баланың ата-анасы баланың қабылдауда болмағанын алға тартып, мұны жалған жазбаға теңейді. Осындай өтініштер негізінде Қор сараптама жүргізіп, ақпараттық жүйедегі осыған ұқсас олқылықтарды анықтады.



«Біз қазір Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ТМККК және МӘМС пакеттерінің ара-жігін ажырату мәселесімен айналысып жатырмыз. Мысалы, кейде пациент келгенде дертіне қарай бір код қойылады. Ал, емдеу барысында ауру коды өзгеріп кетеді. Ендеше, қаржыландыру көзі де өзгереді деген сөз. Естеріңізде болса, жылдың басында Жоғары аудиторлық палатаның нұсқауымен қаржыландыру көзін қорытынды диагноз бойынша белгілеп, қаржыны жзаппай кесу басталды. Пациент медицина ұйымына МӘМС арқылы емделетін аурумен түссе, операция жасалған соң, ТМККК пакертіне ауысып кетеді. Ақпарат өзгергесін, оған қаражат қарастырылмайды және бұл сома кесіледі. Осыдан кейін біз кейбір стационарлардың пациенттерді, әсіресе шұғыл жағдайдағы науқастарды ауруханаға жатқызуды тоқтатып тастағанын көрдік. Сондықтан Жоғары аудиторлық палатамен келіссөздер жүргізілді. Сәуір айынан бастап қаржыландыру көзін қайта анықтау тоқтатылды. Сондай-ақ бірыңғай пул құрып, қаржыландыру көзіне қарамастан келісімшарттарды біріктіру бағытында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бұл дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтып, уақытты үнемдеу үшін қажет», – деді Қор басшысы. 



Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова шаһардың денсаулық сақтау саласының дамуы және медициналық ұйымдардағы жөндеу жұмыстары, жабдықтар сатып алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 


Сапар қорытындысы бойынша Сәбит Ахметов Алматы қаласының медициналық ұйымдары қолданып отырған менеджментті басқа өңірлер де меңгеруге тиіс екенін атап өтті. Алматыда пациенттер саны тым көп, халық өз құқығын жақсы біледі, соған сай талап та қоя біледі, клиникалар арасында бәсеке де бар. Соған қарамастан Алматы клиникалары пациенттерінен айырылып қалмауға күш салады әрі кредиторлық берешектің өсуіне жол бермеу жолдарын да ұмымды пайдаланып отыр, деді Қор басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04