Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ

МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ

Медицина 11.01.2025, 14:41 851
МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек: ДСМ
іnbusiness.kz

Медицина саласына бөлінген қаражатты тиімді игеруге ерекше назар аудару қажет. Бұл туралы «Jibek Joly» телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

- Қазіргі кезде Президенттің тапсырмаларын орындау тұрғысында МӘМС жүйесін жетілдіру, жергілікті атқарушы органдардың халықтың денсаулығына қатысты жауапкершілігін көтеру мәселесі заң жобасында қамтылған. Бұл құжатта халыққа медициналық қызметтің қолжетімдігін арттыру мәселесі қарастырылған, - деді А.Әлназарова.

Оның айтуынша, Презденттің сайлауалды бағдарламасында медицина саласына бөлінетін қаражаттың көлемін арттыру қарастырылды. Бұл ретте инфрақұрылымды, жаңа ғимараттарды салуға, медициналық қызметтердің сапасын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізуге қомақты қаражат керек.

- Аталған заң аясында салаға бөлінетін қаражатты көбейту жоспарланған. Екіншіден, бөлінген қаражатты тиімді игеруге ерекше назар аудару қажет. Қазіргі кезде мемлекет жағынан бөлінген қаражатты және жұмыс берушілердің жарнасын есепке алсақ, 2,8 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл да аз ақша емес. Осы қаражаттың белгілі бір бөлігі тиімсіз жұмсалып отырғанын көріп отырмыз. Яғни халық МӘМС жүйесіне төлемдер аударылғанымен, медициналық ұйымдарда кезек мәселесі әлі де бар екенін айтып жатады. Біз 2024 жылы бөлінген қаражаттың тиімділігін арттыру бағытында жұмыстарды атқардық, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол бірнеше жылдан бері саладағы тариф мәселесі айтылып келе жатқанын еске салды. 2020 жылдан бастап кредиторлық қарыз деген мәселе пайда болды. Бұл тұрғыда медициналық мекемелер кредиторлық қарызды көбейтіп алды. Осының салдарынан бұл берешек жылдан-жылға көшіп жатады.

– Негізгі себебі – ол тарифтердің төмендігі. Яғни, тарифтер нақты медициналық қызметке жұмсалып жатқан қаражатты өтемеуі салдарынан осындай қарыздар өсіп жатыр. Жоғарыда айтқандай, бөлінген қаржыны тиімсіз игеру мәселесі бар. Сондықтан осы екі бағытта 2024 жылы Денсаулық сақтау министрлігі өзінің жұмысын ұйымдастырды. 10 жылдан бері тарифтер көтерілмеген. Ана мен балаға медициналық қызметтердің тарифтерін көбейтуге алғашқы қадам жасадық. Жарты жылдың ішінде бастапқы нәтижелерін көріп отырмыз. Атап айтқанда, қаржылық жағдаймен қатар, медициналық қызметтің сапасы жақсарғаны байқалды. Перзентханаларда нәрестелердің шетінеуі азайғаны тіркелді. Сондықтан биыл бұл бағыттағы нәтижелер тағы жақсара түседі деп үміттеніп отырмыз, - деді министр.

Ақмарал Әлназарованың сөзіне қарағанда, былтыр ана өлім-жітімі орташа есеппен 13 пайызға төмендеген. Бұған саладағы бақылаудың күшейтілуі, ауруханалардағы ем-дом хаттамасын жетілдіру қадамдары, тарифтердің өсуі, кадрлардың білімін шыңдау жұмыстары, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын көтеру ықпал етті.

Министр міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қазір әлемде өзінің қажет екенін дәлелдеген тетіктердің бірі екенін атап өтті.

- Дамыған елдерде МӘМС жүйесі бар. Біз 2020 жылы ғана енгіздік. Сондықтан бұл жүйе енгізілген кезеңде, оған коронавирус пандемиясы проблемасы қосылды. Пандемия кезінде тиісті қаражаттың қажет болуына байланысты заңдарға бірнеше өзгеріс енгізілді. Жалпы, МӘМС жүйесін сақтап қалуымыз керек. Бірақ оны жетілдіре түсеміз, - деді ведомство басшысы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#МӘМС #денсаулық #қаражат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика