Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазаққа танымал актриса өмірден озды

Қазаққа танымал актриса өмірден озды

Мәдениет 18.11.2025, 09:08 624
Қазаққа танымал актриса өмірден озды
Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры

Бүгін 86 жасқа қараған шағында танымал актриса Рымкеш Омарханова өмірден озды, - деп жазады aqshamnews.kz тілшісі.

Өнер иесі - қазақ театр өнерінің мақтанышы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет" орденінің иегері, Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының негізін қалаушылардың бірі.

Қаралы хабар Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ресми парақшасында жарияланды.

"Рымкеш Омарханқызының өмірден өтуіне байланысты марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Рымкеш Омарханқызы - жарты ғасырдан астам уақытын ұлттық сахна өнерінің дамуына арнаған, 150-ден аса рөлді сомдап, қазақ театрының алтын қорын байытқан дара актриса. Ол Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы театрда шыңдалып, кейін елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының ашылуына зор үлес қосты", - делінген ақпаратта.

Актриса еңбек жолында Мақпал (Ғ. Мүсірепов "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу"), Төлегеннің анасы ("Қыз Жібек"), Мөржан (М. Әуезов "Қарагөз"), Еңлік ("Еңлік-Кебек"), Таңқыбике ("Түнгі сарын"), Толғанай (Ш. Айтматов "Ана-Жер-Ана"), Катерина (А. Островский "Найзағай"), Джульетта (У. Шекспир "Ромео мен Джульетта"), Биғайша (Т. Ахтанов "Күшік күйеу"), Ганна (А. Дударев "Кеш") сияқты рөлдерді сомдаған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#актриса #Өмірден озды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика