AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынад...

«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады

Мәдениет 11.01.2025, 15:15 897 Nursok82
«Қазақанимация» жас көрерменге үш жаңа жоба ұсынады
Сурет: Astanatv.kz

«Қазақфильм» жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі 13 сериядан тұратын «Тоқаш пен Бақаш» анимациялық жобасын аяқтады. Жоба биыл көрерменге ұсынылмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz

 Сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» қолдауымен қысқаметражды «Үміт әрдайым жанымызда» және толықметражды «Алтын Адам» анимациялық фильмдері жарыққа шығады.

2024 жылы қазақ анимациясының классикалық туындылары «Ақсақ құлан», «Ақыл мен байлық», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» заманауи форматта жаңартылды. Сонымен қатар, Голливуд студиялары қазақ тілінде дубляждалған «Ойжұмбақ 2», «Мен жексұрын 4», «Моана 2», «Муфаса: Арыстан патша» және «Жабайы робот» фильмдерін кең прокатқа шығарды. «Кинопоиск» платформасы «Гарфилд» анимациялық фильмін, ал «Bee TV» «Да Винчидің таңғажайып оқиғаларын» қазақ тіліне аударып, онлайн көрсетілімге ұсынды.

Биыл «Қазақанимация» аясында 10 жаңа анимациялық жоба мен «Жібек», «Команда А. Миссия Айка» фильмдерінің түсірілімі аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, қазақ киносының алтын қорындағы «Ақ бота» фильмі реставрациядан өтіп, жаңартылмақ. Мемлекеттік қолдауға ие болатын жаңа анимациялық фильмдер ұлттық құндылықтар, ата-анаға құрмет, қазақ ертегілері, достық және спорт тақырыптарына арналады. Қазақ анимациясын дамыту мақсатында 2025 жылдан бастап арнайы стратегия әзірленіп, оны жетілдіру жұмыстары жалғасын табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кино #анимация #мәдениет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);