AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жұбайлардың 30%-ы ғана бала табуға дайын

Жұбайлардың 30%-ы ғана бала табуға дайын

Әлеумет 26.05.2024, 14:13 992
Жұбайлардың 30%-ы ғана бала табуға дайын
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Бұл - еліміздегі Ұлттық комиссияның тұжырымы.

Соған сәйкес, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. 

Сенатор Ләззат Қалтаева отырысқа қатысушылардың назарын мүгедектігі бар әйелдерге медициналық қызмет көрсетудің проблемалық мәселелеріне аударды.

Ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы шалғайдағы ауылдардағы әйелдерге көмек көрсететін акушерлік-гинекологиялық қызмет жұмысындағы бірқатар проблемаларды атап өтті.

Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген Ұлттық комиссия мүшелері денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесулер барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.

Әйелдер консультацияларына, перзентханаларға, отбасын жоспарлау кабинеттеріне, ауылдық ауруханаларға, жастар денсаулық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі бар.

Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

Ұлттық комиссия төрағасы Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп фертильді жастағы қыздар мен әйелдердің денсаулығын сақтау, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастарды саналы ата-ана болуға дайындау жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жүктілік #бала #комиссия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);