"Жасырмаймын!" Мәжіліс депутаты тоқал туралы қауесетке жауап берді

  • 15:59, 05 қараша 2025
"Жасырмаймын!" Мәжіліс депутаты тоқал туралы қауесетке жауап берді politico kz

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаевтың басы дауға қалды. Оны жұрт Түркістан облыстық мәслихатындағы мандатты өз "тоқалына" берді деп және некесіз баласын жасырып жүр деп айыптады. Темір Қырықбаев бұған пікір білдірді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Мәжілісмен Түркістан облыстық мәслихаты депутатының креслосын Нұрайым Шақимергенге "сыйлады" деген ақпарат тарады. 

"Бұл басқа сыймайды! Ол өзі сайланған, халық сайлаған. Сұрақтарыңыз болса, өңірдің сайлау комиссиясына жолдаңыздар", - деді мәжілісмен.

Өз қарым-қатынастары жайлы сұрақтарға Қырықбаев жауап беруден бас тартты.

"Ол - менің жеке өмірім. Отбасы құндылығын сақтау үшін басқа ештеңе айта алмаймын. Ал баламды менің ұлым емес деп еш жерде айтпағанмын. Мен оған өз тегімді бердім, мұны Алланың алдында да, адамдардың алдында да жасырмаймын!" - деді ол.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде продюсер әрі әнші Мөлдір Мұқанованың ажырасуы және күйеуінің опасыздығы талқыланған еді. Кейін Қабатов бұрынғы жұбайының сөзіне жауап берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:43

17:34

17:26

17:20

17:14

17:08

16:49

16:35

16:12

15:59

15:44

15:30

15:30

15:15

15:04

14:40

14:34

14:08

12:56

12:35

12:19

12:06

12:04

11:56

11:43