AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда көктайғақтың алдын алу жұмыстары мен көше...

Алматыда көктайғақтың алдын алу жұмыстары мен көшелер тәулік бойы қардан тазартылып жатыр

Барлығы 05.11.2025, 17:34 406 Сұлу
Алматыда көктайғақтың алдын алу жұмыстары мен көшелер тәулік бойы қардан тазартылып жатыр
Алматы әкімдігі

Алматыда соңғы тәулікте шамамен 20 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл қараша айына арналған айлық норманың жартысына тең. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі көлік қозғалысының қалыпты жүруін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмысын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр. Бұл туралы Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Көшелерді қардан тазарту жұмыстары 4 қараша күні сағат 20:00-де басталған. Осы уақыт ішінде магистральдар екі рет сыпырылып, жолға көктайғаққа қарсы арнайы қоспалар себілді. Әсіресе, көпірлер мен жолайырықта, өрлер мен жүргінші өткелдері жіті назарда ұсталып отыр.

Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан таулы аймақтарда кей жерлерде көктайғақ пайда болған. Мұндай тайғақ учаскелер «Алматы Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен мердігер ұйымдар жедел түрде арнайы қоспа сеуіп жатыр.

Бұл жұмысқа 900-ден астам арнайы техника және 2500-ден астам жұмысшы, оның ішінде кезекші және патрульдік бригадалар тартылған. Құм себетін машиналар, сыпырғыш техникалар, тиегіштер және қосалқы құралдар қолданылған.

Жолды, тротуарды және аялдама маңын тазарту жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Коммуналдық қызмет жол жайын тұрақты түрде бақылап, қажет болған жағдайда қосымша қоспа себеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Көше
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жыл бойы жұмыс істейтін тау туризмі орталығына айналуы мүмкін

Бүгін 17:13

Қандай бақбақты жұлуға тыйым салынған?

Бүгін 16:39

Алматыда Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 15:22

Алматыда иесіз электр желілерін коммуналдық меншікке беру жұмысы күшейтіледі

Бүгін 15:20

Асанәлі Әшімов театрында «Тағдыр тақтасы» спектаклі сахналанып, «Үздік логотип» байқауының жеңімпазы марапатталды

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);