AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының н...

Алматыда «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының нәтижесі талқыланды

Барлығы 05.11.2025, 16:12 380
Алматыда «Салауатты тамақтану мектебі» жобасының нәтижесі талқыланды
Сурет: Алматы қаласының Білім басқармасы

Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Салауатты ұрпақ тәрбиелейміз!» тақырыбында халықаралық конференция өтті. 

Іс-шараға шетелдік және «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді атсалып жүрген Алматы мен Астана қалаларының білім беру саласы қызметкерлері, бастауыш сынып педагогтері (жалпы 130-ға тарта маман) қатысты.

Конференция барысында Өзбекстан, Грузия және Ресейден келген қонақтар бағдарламаны жүзеге асыру барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа идеялар ұсынды. Жобаның мақсаты мен тәжірибелік нәтижелері талқыланды. Жобаның 2024-2025 оқу жылындағы қорытындысы және мектептерде бағдарламаны дамыту бойынша тың бастамалар қарастырылды. Сонымен қатар, конференция аясында мұғалімдердің республикалық әдістемелер байқауының финалы өтті. Финалистер дұрыс тамақтану негіздерін оқыту әдістемелерімен таныстырды. 

«Салауатты тамақтану мектебі» жобасы елімізде 2013 жылдан бері Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығымен, Nestlé компаниясымен, Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығымен және Қазақ тамақтану академиясымен ынтымақтастықта табысты іске асырылуда.

Оқушылар өз денсаулығына қалай қамқорлық жасау керектігін жыл сайын ұйымдастырылатын сабақтарда, квесттерде, экскурсиялар мен конкурстарда үйренеді. Мәселен, бағдарламаға  қатысушылар, яғни оқушылар ата-анасымен бірлесіп «Салауатты бастама», «Салауатты  балалар», «Салауатты және бақытты ұрпақ тәрбиелейміз!», «Адам ағзасына пайдалы тағамдар әзірлейміз!» фотоконкурстары мен «Біздің дастархан» көрмесіне суреттер жіберді, аспаздық дүкендерге экскурсия жасау арқылы  пайдалы өнімдерді таңдауды үйренді.

«Мектеп – бұл өмір бойы әдет-дағдыларды қалыптастыратын орын. Біз балалардың ойлауының қалай өзгеретінін көреміз: олар өздеріне және айналасындағыларға мұқият болады. Бұл мұғалімдердің, ата-аналардың және бағдарлама серіктестерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Біздің «Салауатты тамақтану мектебі» жобамыз САЛАМАТТЫ МЕКТЕП ұлттық жобасын іске асыруға жан-жақты ықпал етеді», – дейді Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы Татьяна Ежова.

Конференцияның пленарлық мәжілісі мұғалімдерге арналған арнайы тренингтермен жалғасты. Онда ХХІ ғасырдағы балалардың физикалық, когнитивті және психологиялық даму тенденциялары талқыланды.

«Салауатты тамақтану мектебі» жобасын білім беру процесіне кіріктіру сабақтарды практикалық және заманауи етуге көмектеседі. Балалар жай ғана тыңдап қарап отырмайды, өздері қатысады, талқылайды, үйренеді, қорытынды жасайды. Бұл – тәжірибе арқылы оқыту», – деді Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығының бөлім басшысы Анар Досмұхамет. 

Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласының Білім басқармасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең Алматыда жалпықалалық сенбілік өтеді

Бүгін 19:28

Абай алаңында әжелер подиумға шығып, сән көрсетті

Бүгін 18:01

Алматыда «KitapFest-2026» ауқымды екі күндік кітап фестивалі өтті

Бүгін 17:46

Көктем мерекесі Алматы төрінде: Абай алаңындағы концерт пен қолөнер жәрмеңкесі

Бүгін 17:41

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика