AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстанда ипотека және тұтынушылық несиелер мөлш...

Қазақстанда ипотека және тұтынушылық несиелер мөлшерлемелері өзгермек

Экономика 05.11.2025, 17:20 573
Қазақстанда ипотека және тұтынушылық несиелер мөлшерлемелері өзгермек
aikyn.kz

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова Қазақстан 2026 жылғы шілдеге дейін несие мөлшерлемелерін есептеудің жаңа әдістемесі әзірленетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мәжіліс отырысында депутат Тілектес Адамбеков ҚНРДА төрағасы Мәдина Әбілқасымовадан Қазақстанда тұтынушылық және ипотекалық кредиттер бойынша мөлшерлемелер қашан төмендейтінін сұрады.

Жауап ретінде Әбілқасымова агенттік бірқатар қадам жасағанын еске салды:

"Өздеріңіз білесіздер, былтыр заң қабылдағаннан кейін тұтынушылық кредиттер бойынша барлық мөлшерлемені 56 пайыздан 46 пайызға дейін, ипотека бойынша 30 пайыздан 25 пайызға дейін төмендеттік. Кепілсіз кредиттер бойынша мөлшерлемені 45 пайызға дейін төмендеттік", - деді ол.

Оның айтуынша, 2025 жылы ипотекалық қарыздар бойынша мөлшерлемені 20 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік туған. Алайда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға көтергеннен кейін, көптеген банк ипотека беруді уақытша тоқтатты.

Әбілқасымова норманың әрекет ету мерзімі 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылғанын айтты. Осы уақытқа дейін ҚНРДА Ұлттық банкпен бірлесіп, базалық мөлшерлемеге байланған жаңа есептеу әдістемесін әзірлейді.

Сондай-ақ, ҚНРДА тұтынушылық кредиттер бойынша тәсілдерді қайта қарауды жоспарлап отыр:

"Нарықтағы орташа мөлшерлеме қазір 35–36 пайыз болады. Біз жаңа әдістеме осы деңгейде әзірленеді және бәсекелестік есебінен мөлшерлемелер төмендеуі тиіс деп есептейміз", - деді Әбілқасымова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #мөлшерлеме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Бүгін 14:03

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика