AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыдағы колледжде «Заң және тәртіп» атты профил...

Алматыдағы колледжде «Заң және тәртіп» атты профилактикалық дәріс өтті

Барлығы 05.11.2025, 17:26 482
Алматыдағы колледжде «Заң және тәртіп» атты профилактикалық дәріс өтті
колледж

 5 қараша күні Білім басқармасының қолдауымен Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінде «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы профилактикалық дәріс өтті.
Іс-шараны колледж директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Омарова Күнімай Нұрлыбаевна ұйымдастырды.
Бүгінгі кездесудің қонағы – өмірлік тәжірибесі мол, Алматы қалалық прокуратурасының ардагері Сейтқазиева Гүлмира Инятовна.
Сіздерге өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып, заңға бағынудың маңызын түсіндірмек.

Профилактикалық дәрістің мақсаты – студенттер мен жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын орындаудың маңызын түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыру.

Іс-шараны Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің директоры Джунисалиев Жанболат Сманұлы ашып беріп, студенттерге ізгі тілектерін білдірді.
Дәріс барысында тыңдаушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қылмыстық кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізгі баптары түсіндіріліп, нақты өмірлік мысалдар келтірілді.
Сондай-ақ, жастар арасында кездесетін құқық бұзушылық түрлері – ұсақ бұзақылық, кибербуллинг, әлеуметтік желідегі заңсыз әрекеттер, жол қозғалысы ережелерін бұзу мәселелері талқыланды.

Заң мен тәртіп – мемлекетіміздің берік іргетасы. Әр азамат заңды құрметтеп, тәртіп сақтағанда ғана қоғамда тұрақтылық пен әділдік орнайды.

Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басты кепілі – заңға бағыну және қоғамдық тәртіпті сақтау. Мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуі үшін әрбір азаматтың құқықтық мәдениеті мен жауапкершілік сезімі жоғары болуы қажет.
Осы мақсатта оқу орындарында, әсіресе жастар арасында профилактикалық дәрістердің өткізілуі ерекше маңызға ие.

Осындай дәрістер студенттердің құқықтық мәдениетін көтеріп, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.
Заң мен тәртіпті құрметтеу – әр азаматтың парызы. Ал жастардың құқықтық сауатты болуы – ел болашағының кепілі.

Қорытындылай келе, профилактикалық дәрістер қоғамда құқықтық сананы қалыптастырудың тиімді құралы болып табылады.
Әрбір жас заңды білуі, оны сақтауы және өз құқықтары мен міндеттерін түсінуі қажет.
Тәртіпті сақтау – өзіңді және өзгені қорғау. Сондықтан әрбір жас заңды құрметтеп, елдің болашағы үшін өз жауапкершілігін сезінуі тиіс.


Мақаланың авторы - Алматы сән және қызмет көрсету саласы колледжінің педагог-психологі Қожантаева М.Е.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #колледж #Заң мен тәртіп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Абай алаңындағы мерекенің көркін кіргізген концерт әлі де жалғасып жатыр

Бүгін 16:41

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Алматы тұрғындарына бауырсақ таратты

Бүгін 16:38

Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті

Бүгін 15:57

Алматылықтар Наурызды қалай қарсы алады?

Бүгін 15:27

Дәстүрдің экологиялық бейнесі: Алматыда қайта өңделген материалдардан жасалған ер-тоқым көрсетілді

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика